Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жаңа туған нәрестелердің қаны жекеменшік банкке ке...

Жаңа туған нәрестелердің қаны жекеменшік банкке кепілге берілетіні рас па?

Медицина 22.06.2024, 14:14 870
Жаңа туған нәрестелердің қаны жекеменшік банкке кепілге берілетіні рас па?
Cурет: Stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, нәрестелердің өкшесінен алынған қан қағазға жағылады. Бұл баланы монетизациялау үшін жасалады. Осыдан кейін ол жекеменшік банкке рента төлеуі керек екен. Шын мәнінде, бұл стандартты медициналық процедура, оның бұдан басқа астары жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Суретте неонатальды скрининг көрсетілген. Жалпы туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін нәрестенің өкшесінен қан алынады. Негізінен процедура бала туғаннан кейін 2-3 тәулікте, шала туған нәрестелерден – 7-14 тәулікте жүргізіледі. Қанды арнайы тест-бланкіге жағады. Ал кепкен соң оны медициналық-генетикалық орталықтарға талдауға жібереді. Жай ғана тест нәрестелердің денсаулығындағы проблемаларды анықтауға және емдеуді ерте кезеңдерде бастауға мүмкіндік береді.

Жаңа туған нәрестелерді жаппай тексеру бүкіл әлемде кең таралған. Мәселен, Швецияда диагностика 1960 жылдардың басынан бері жүргізіліп келеді. Бірте-бірте аурулар тізімі кеңейе түсті. Қазір 25 ауруға тест жасалады. Ұлыбританияда– 9, Германияда – 19 ауруды анықтауға тест жүргізіледі.

АҚШ-та жыл сайын балалардың 95%-дан астамы (шамамен 4 миллион жаңа туған нәресте) скринингтен өтеді.

3 мыңға жуық нәрестеден ауыр аурулардың бірі тіркеледі. Тексеру 50 ауру, оның ішінде орақтәрізді жасушалы анемия және гипотиреоз бойынша жүргізіледі.

Қазақстанда неонаталдық скрининг екі тұқым қуалайтын ауру бойынша жүргізіледі – фенилкетонурия және туа біткен гипотиреоз.

Фенилкетонурия аминқышқылдарының метаболизмінің бұзылуымен байланысты. Бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуына әкеледі. Оны емдеп шығуға болады.

Туа біткен гипотиреоз – қалқанша безі ауруы. Жиі кездесетін ауру көбінесе қыздарда болады. Ерте анықтаған жағдайда, емделеді. Ал асқынып кетсе, кретинизмге ұласады.

Скрининг енгізіле басталғалы бері Қазақстанда 2007 жылдан бастап фенилкетонуриямен ауыратын 207 және туа біткен гипотиреозбен ауыратын 625 нәресте анықталды. 2023 жылдың қазан айында Алматыда жұлын бұлшықет атрофиясына жаппай неонаталдық скрининг бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жоба 10 мың балаға есептелген. Оның нәтижелері бойынша скринингті Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізу жоспарланып отыр.

Нәрестенің өкшесінен қан алу – бұл әлемдік тәжірибе. Неонатальды диагностиканың арқасында дәрігерлер туа біткен ауруларды анықтап, олардың дамуына жол бермейді. Тесттің жекеменшік банктерге берілетіндігі туралы ақпаратқа негіз жоқ.

2023 жылдың маусымында Желіде нәрестелердің өкшесінен алынған қанды Ватиканға жібереді деген фейк тараған болатын. Бұл ойдан шығарылған. Толығырақ туралы біздің сайттан оқи аласыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нәрсте қаны #жекеменшік #кепілге беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика