ffin.kz

Ізденістің артында білім бар

Ізденістің артында білім бар Сурет: РИА Новости

Бабаларымыздың айтқан әрбір сөздерінің мәні терең мағыналы. «Балаң өзіңе тартса жұбан, қоғамға тартса қуан», - деп бекер айтпаған дана халқымыз. Мұндағы негізгі мән қоғаммен етене араласу, қоғамға пайдасын тигізу, қоғамда белгілі бір орын табу мақсатында айтылса керек-ті. Ал сол баланың қоғамға, елге пайдасы тиетін азамат болып қалыптасуына алдымен ата-ананың содан кейін мектеп ұжымының тигізер әсері өте мол. Бала алдындағы жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», - деген бабаларымыз. Демек, балаңыздың болашағын қалай көргіңіз келсе онда сізде сондай болғаныңыз абзал. Бабаларымыз оны «Балапан ұядан не көрсе соны іледі», -деп бір ауыз сөзге сыйдырған.

Ия, уақыт алға сырғыған сайын заман талабы да өзгеріске ұшырап жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Кешегі мен бүгінгіні салыстыру мүмкін болмай бара жатыр. Ғалымдар мұны ақпараттар ағыны заманы деп те топшылауда. Онысымен толық келісуге болады. Қазір қолыңыздағы телефонның өзі ақпарат құралына айналғаны қашан. Әлеуметті өзіне телмірткен әлжелі талай отбасының шырқын бұзып, түп-түзу тәрбие алып келе жатқан балалардың өміріне сызат түсіріп жатқаны ащы да болса шындық. Тіпті, кейбір балғын балалар блогер боламыз деп мақсатта құрғаны қоғам үшін қауіпті екенін жасырмауымыз керек. Бабаларымыз «ауыруын жасырған өледі», - деп бекерге айтпаса керек-ті. Осынау қоғамға қауіп төндіріп тұрған осы мәселені айтпасақ, жазбасақ келешегіміздің кемел болатынына шүбә келтіреріміз анық.

Талаптың тұлпарына мінген жастар аз емес. Шүкір! Бар. Бірақ, сол таланттыларды талапсыздар жұтып кетпей ме? Міне, мәселе осы! Бүгінгі күні кітап арқалап, жазу жазған адамға түрпайы қарайтындар көбірек болып тұр. Осы ретте елімізге белгілі ақын Бекжан Әшірбаевтың мына сөзі еске түседі.

Октябряттар орнына
Ақпақұлақтар келдi ғой.
Пионерлер орнына
Зиян
керлер келдi ғой.
Комсомолдар орнына
Нан соғарлар келдi ғой.
-деп қоғамның жарасын дөп басып айтқан еді.

Жалпы жараны айтып оны жазудың жолын жазбасақ тағы болмайды. Бүгінгі күні «баламызды сіздерге бердік. Тәрбиелеңіздер, оқытыңыздар. Ары қарайғы жұмыс Сіздерде»,-дейтіндер де табылады. Өте қате ұғым. Негізі алдымен баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасында түзу тәрбие алған бала болашағын болжай алады. Ал мұғалімдер білім жолында тәрбие береді. Оқып, жазуға мүмкіндік сыйлайды. Талғап оқуды, пайдалы дүниеге ынтықтыруды үйретеді. Міне, екі ортадағы ара салмақ осындай.

Бүгінгі күні осындай талғамы қалыптасқан озат оқушыларымыз жоқ емес бар. Үкілі үмітімізді арқалап жүрген Бақнұр Бегалы, Еркеназ Пернебек, Аруна Жолдасбек, Олжас Мырзабек, Ақниет Ибадулла секілді оқушыларымыздың атын мақтанышпен атаймыз. Бұл шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. Және де келешекте осы озат оқушыларымыз мектебіміздің атын шығарады деген сенімдеміз. Осы ретте Түркістан облысы Отырар ауданы «Көкмардан жалпы білім беретін» мектебінің директоры Мырзаш Бименнің пікірін біліп едік.

- Бүгінгі таңда елімізде білім саласына қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылып, сыналып келеді. Ол орынды. Сын адамды түзейді. Бірақ, сын – шын болуы тиіс. Елімізде білім саласына тиісті деңгейде көңіл бөлініп жатыр. Мұғалімдердің беделін көтеру жолында да көптеген жұмыс жасалуда. Міне, осынау жағдайды оңтайлы пайдаланып мектебімізде талмай еңбек ету үстіндеміз. Біз алдымен білім сапасына мән береміз. Бала тәрбиесі оңай шаруа емес. Үнемі соған сай қимыл-әрекет етуіміз керек. Білім беру үшін білімді болу ең алғашқы шарт. Ал білім ізденістің арқасында келеді. Ұжымымыздағы әрбір мұғалім келдім-кеттім деген ұстанымда емес. Керісінше білімді балаға қалай берсек қызықты болады деген ізденісте жүреді. Бүгінгі балаларға білімді қызықтырып, тартымды етіп бермесеңіз баланы білімге тарту оңай болмай қалды. Осы ретте ұжымымыздағы білікті мұғалімдерімізді атап өткен жөн болар. Ұлжан Ратқұлова, Перизат Сахова, Жәудір Есболғанова, Перизат Құттыбаева, Ләззат Рысбекова, Бейсенкүл Нышанбаева секілді мұғалімдеріміз баптаған оқушылар облыстық, республикалық жарыстардан орын алып, ұжымымыздың мерейін көтеріп жатқан жайы бар. Бұл да дамудың дара жолы десек артық айтпағандық болар, - дейді мектеп директоры.

Дүниеде ең бақытты адам білімді адам. Ал білім ізденістің артында жасырылғаны хақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32