ffin.kz

Емді де, дем де аласыз

Емді де, дем де аласыз Almaty-akshamy.kz. 

Алматыдан үш шақырым жерде, Іле Алатауының етегінде табиғат-ананың сыйымен үйлесім тапқан «Almaty Resort» шипажайы орналасқан. Курорт 1960 жылдары құрылған. Әлемдік стандартқа сай, ең озық заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайының ашылғанына 56 жылдан астам уақыт өтті. Шипажай теңіз деңгейінен 1 052 метр биіктікте орналасқан. Оның жалпы ауданы – 21 гектар. Қонақтардың айтуынша, бұл аумақты бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Аумағында 6500 ағаш бар, Қызыл кітапқа енгізілгені де жетерлік. Таза ауа мен жасыл желектерде серуендеу адам денсаулығын жақсартып, көңіл күйін жайландырады деседі.

«Almaty Resort» шипажайы – «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының филиалы. Мұнда қонақтарға еуропалық стандарттар бойынша дайындалған жайлы бөлмелер, тамаша емдеу базасы, түрлі мәзірлер, спорт залдары және тағы да басқа қызметтер ұсынылады. Ғимараттың бірінші қабатында ресепшн орналасқан. Мұнда сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін барлық демалушыларға фитошай және оттегі коктейлі ұсынылады. Фитошай мен шөп шай әртүрлі шөптерден жинақталып әзірленеді. Оның құрамында гүл және құрғақ жапырақтар, жеміс, өсімдік тұқымдары бар. Келушілер ғимараттың бірінші қабатында отырып, тыныға алады. 

Шипажай Kazakh Nomad Resort тұжырмадамасымен жұмыс істейді 

Шипажайда демалушыларға таңғы аспен бірге қымыз береді. Қымыз адам денесін қыздырып, имунитетін қалыптастырады деседі. Қызметкерлердің айтуынша, қымыз ішкендердің алдағы үш күнде іші өтіп, адам ағзасы тазарады екен. Санаторий қызметкерлері таңертең қымыз, ал кешке айран берілетінін айтады. Себебі, айран адамның қан айналасын қалыптандырып,  ұйқыңыздың қанып тұруына ықпал етеді. Шипажайға қымыз Есік қаласынан жеткізіледі екен. Себебі Есік қаласындағы жылқылар жусанмен қоректенгендіктен, сүті де адам денсаулығына оң әсерін тигізетін көрінеді. Осы ретте, шипажай басшылығы Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасын қарқынды енгізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, шипажайда ұлттық стильде безендірілген сенсорлық бөлме бар екен. Мұнда отырған адамның психикалық және моральдық тыныштандырып, жүйке жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

3000 м тереңдіктен шығатын қайнар бұлақ

Жаяу серуендеуге арналған жолдардың бойындағы алуан түрлі жасыл желек, тамаша орман алқабы тыныс жолдарын жақсартуға ықпал етеді. 3000 м тереңдіктен шығатын қайнар бұлақтың минералды суы да денсаулыққа тигізер әсері орасан зор. Табиғи йодтың 600-750 мкг/дм3 профилактикалық мөлшерінде болуы қайнар суының сапасын арттыра түседі.  Осы деңгейде су 42°С температурада шығады. Су арнайы қоймада сақталады және клиника ванналарына 36°С температурада беріледі.

-Шипажайда 135 орын бар. Жылына 11500 адам демалады. Оның ішінде 45%-ы ақылы, қалған 50%-ы қызметтегі адамдар, жолдама арқылы келеді. Демалыс орны аумағындағы жасыл желек Д.Қонаевтың кезінде, 1962 жылдары, арнайы мамандардың нұсқаулығымен егілген. Бұл ағаштар тек әдемі көрініс үшін емес, емдік үшін де отырғызылған. Адамдардың денсаулығын жақсарту мақсатында жасалған. Қазір шипажайда 6500 түп ағаш бар, оның 200-і Қызыл кітапқа енген. Шипажайда Алматы облысындағы 3000 м тереңдіктен шығатын қайнар бұлақ бар. Бұл судың пайдалы тұстары өте көп, адамның тыныс жолдарын ашады. Құрамында көптеген пайдалы дәрумендер де бар. Қонақтар дәрігердің нұсқауына сай, дерттің деңгейіне байланысты балшықпен емделеді. Ол Алматы облысындағы Тұзкөл көлінен жеткізіледі, - деді «Almaty resort» ЕСК директоры Бұғыбаева Гүлжанат.


Минералды судың құрамында йод, фтор, бром, марганец, кремний қышқылы сияқты маңызды микроэлементтер бар. Су – ас қорыту жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының және басқа да органдардың дерттерін емдеуде таптырмас шипа. Сонымен қатар, ол түрлі процедураларға, яғни минералды ванна, гинекологиялық, ішек және ауыз қуысының аурулары мен ингаляция үшін қолданылады. Минералды суды пайдаланудан басқа, мұнда балшықпен емдеу процедуралары бар.


Медициналық блок заманауи құрылғылармен жабдықталған

Бұл жердің климаты континенттік, температурасы ерекше, жазда бір-екі градусқа төмен және қыста бір-екі градусқа жылырақ. Оттегінің атмосфералық және парциалдық қысымы теңіз деңгейіне қарағанда төмен. Шипажайдың медициналық блогында 99 маман бар. Оның ішінде 27-сі – дәрігер, 46-сы – орта медициналық персонал, 18-і – кіші медициналық персонал. Медициналық блок заманауи құрылғылармен жабдықталған. Санаторий дәрігерлері пациенттің диагнозына сәйкес, емдеу жоспарын әзірлейді. Бұл жерде кардиолог, терапевт, невропатолог, эндокринолог, диетолог, физиотерапевт, уролог, офтальмолог, стоматолог сияқты медицина мамандары жұмыс істейді. Ағзадағы әртүрлі патологиялардың даму қаупін анықтау үшін «Медсканер БИОРС» аппараты қолданылады. Бұл құрылғыдағы Velness (денсаулық) бағдарламалық кешенінің көмегімен 10 түрлі диагностикадан өтуге болады. Санаторий дәрігерлері пациенттің диагнозына сәйкес, емдеу жоспарын әзірлейді.

-Функционалдық диагностикаға келетін болсақ, бізде барлық органдардың, буындардың, жұмсақ тіндердің ультрадыбыстық зерттеуі, Холтер бойынша ЭКГ-нің тәуліктік мониторингі, кардиограмма, спирография жүргізіледі. Сондай-ақ біздің зертхана барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Біз серологиялық, биохимиялық, иммуноферменттік талдаулар (ИФА), check-up (чек ап) жасаймыз. Яғни, біздің кешеннен бүкіл зерттеулер мен кеңестерді алуға толық мүмкіндік бар, – деді Салтанат Бейсембаева.


Мейрамханалар 340 адамға арналған

Шипажайдың аумағы кең болуына байланысты, мұнда үш үлкен мейрамхана бар.  Солардың бірі киіз үй түрінде жасалып, ұлттық нақыштағы элементтермен безендірілген. Бұған қоса, мұнда музыкалық аспаптар да қойылған. Ал екінші мейрамханада робот даяшы бар. Ол адамдарға тағам тасып, туған күндерімен құттықтай алады. Мейрамханалар 340 адамға арналған. Қонақтар ұлттық тағамдармен қатар, шетелдік тамақтардың да дәмін тата алады. Ас мәзіріне тек аспаз ғана емес, шипажай директоры Гүлжанат Бұғыбаева да жауапты.

-Біз Ұлттық тағамдар күнін енгіздік. Жұма күндері таңғы астан бастап, бізде ет, кеспе, қуырдақ, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдар, сондай-ақ майсөк, тағы басқа дәмді десерттер дайындалады. Сонымен қатар, сәрсенбіде біз өзбек және итальян асханасының тағамдарын әзірлейміз. Жалпы, бізде күн сайын мәзір өзгеріп тұрады және олар бір-біріне ұқсамайды, қайталанбайды. Мұның бәрі біздің келушілеріміз үшін жасалады, - деді Гүлжанат Бұғыбаева.

Алдымен ем, сосын демалу үшін Астанадан келдім. Өзім 37 жыл мемлекеттік қызметте істедім. Оның 25 жылын сот төрелігіне арнадым. Осы шипажайға бес жылдан бері тұрақты түрде келіп тұрамын. Шипажайдағы медбикелерінің қызметіне ерекше ризамын. Жағдайыңды біліп, көңілге демеу беріп тұрады. Барлығы өз орнында, міндеттерін мүлтіксіз атқарады. Дәрігерлер білікті, медбикелер мейірбан. Емделіп, демалып, денсаулығыңды жақсарта аласың. Жалпы, өзім жүрегімнің ақауына, қант диабетіне байланысты дәрігердің есебінде тұрмын. Осы дерттеріме ем алу үшін осы жаққа келемін. Жүрек ауырғанан кейін таза ауа, көңілге тыныштық керек дегендей. Келгеніме бір аптаға жуықтады. Осы уақыттың ішінде денсаулығымдағы оң өзгерістер сезіліп жатыр. Көңіл көтеріліп, ерекше бір күйге еніп жатқанымды жасырмаймын, - дейді демалушы Байдула Қошанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52