AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда Bek Air ұшағының апатына қатысты сот үкім...

Алматыда Bek Air ұшағының апатына қатысты сот үкімі шықты

Заң мен тəртіп 05.11.2025, 18:01 636
Алматыда Bek Air ұшағының апатына қатысты сот үкімі шықты
depositphotos.com

Алматыда Bek Air ұшағының апатына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот марқұм ұшқыштар Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаевты Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (әуе көлігін басқару немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, әрекеттің абайсыздықтан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша кінәлі таныды. Олардың өмірден өтуіне байланысты қылмыстық жаза тағайындалған жоқ.

Сот жарыссөзінде прокурор Айдос Палманов ұшақ апатына әуе кемесін басқарған ұшқыштар кінәлі екенін айтты.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты қаза тапқан ұшқыштарды ақтап, олардың орнына Алматы халықаралық әуежайы мен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерін жауапқа тартуды сұрады.

Сондай-ақ, ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа наразылық білдірді.

Сот барысында Bek Air әуе компаниясының мүлкіне шектеу қойды.

Еске салайық, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматыдан Астана қаласына ұшып шыққан Bek Air компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Ұшақ жерге құлаған соң сырғанап барып әуежай аумағына жақын тұстағы ауыл шетіндегі екі қабатты үйге соғылған. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek Air әуе компаниясына тиесілі тоғыз Fokker-100 ұшағының қызметі тоқтатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #Bek Air #Ұшақ апаты #ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);