Елде балаларға арналған SIM-карта енгізілуі мүмкін

Елде балаларға арналған SIM-карта енгізілуі мүмкін Сурет: 24.kz

Ата-аналар енді балаларына арнайы SIM-карта алдыруы мүмкін.

Бұл ең алдымен жеткіншектердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тың бастаманы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осыдан бірер апта бұрын көтерген еді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Балаларға арналған тарифі бар SIM-карта енгізу арқылы Оқу-ағарту министрлігі бірқатар мәселені шешпекші. Атап айтқанда, ата-ана бақылауын күшейту, жеткіншектердің киберқауіпсіздігін сақтап, жағымсыз контенттен шектеу және баланың қай жерде жүргенін анықтау жеңілдей түспек. Талдау көрсеткендей, қазақстандық балалар интернетке көбіне смартфон арқылы қол жеткізеді екен. «Демек бұл бастаманың маңызы зор», – дейді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан. 

Еділ Оспан, ҚР оқу-ағарту вице-министрі:

- Біздің ойымызша, осы SIM-карталар арқылы балаларға келіп түсетін ақпаратты белгілі бір сүзгіден болады деп санаймыз. Қазіргі күнде бұл мәселе мамандармен пысықталып жатыр. Шетелдік тәжірибе міндетті түрде зерттелді. Көптеген шетелде осы байланыс операторлары сим карта арқылы, ондағы арнайы тарифтер арқылы ондағы балаларға берілетін ақпарат белгілі бір сүзгіден өтеді. Яғни белгілі бір зиянды, денсаулығына, психикасына зиянды ақпарат. Сол үшін байланыс операторлары оны тежеп, шектеп отырады. 

Жалпы Оқу-ағарту министрлігі балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы 2018 жылы қабылданған заңнаманы жетілдіру бастамасын көтерген. Бүгінде құзырлы орган тиісті сараптамалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. IT және коммуникациялар жөніндегі тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин балалар тарифін енгізу үшін арнайы заң жобасы қажет емес деген пікірде.  

Евгений Питолин, IT және коммуникациялар жөніндегі тәуелсіз сарапшы:

 - Бұл тың идея емес. Оны байланыс операторларының арнайы тарифтері арқылы жүзеге асыруға әбден болады. Жалпы балалардың киберқауіпсіздігі үшін бұл дұрыс бастама деп есептеймін. Меніңше, бұған арнайы заңның қажеті де жоқ. Бұл жерде бастысы ұйымдастырушылық, технологиялық және маркетингтік шешімдердің ұтымдығын ойластырған жөн.

 Ол үшін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркісібі министрлігі байланыс операторларымен бірлесе, тиімді жоба құруға тиіс. Құзырлы органға Оқу-ағарту министрлігінің осы бастамасына қатысты сауалымызды жолдаған едік. Бірақ цифрлық даму министрлігі толыққанды жауап беруге әзір дайын болмай шықты. Себебі оны жан-жақты талдап, ұялы байланыс операторларымен келісімге келгенше біраз уақыт қажет. Демек балалар тарифінің нақты қай уақытта іске қосылатынын білу әзір мүмкін емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:56

21:44

15:41

15:13

14:53

14:13

13:18

12:53

12:06

11:56

11:11

10:39

10:16

10:10

09:30

08:00

07:24

21:41

21:39

15:46

15:15

15:11

14:50

14:11

13:41