Биылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аna tili» газетіне берген сұхбатында өткен жылды қорытындылап, алдағы атқарылуы тиіс міндеттерді атап өтті. Бұл – Президенттің отандық БАҚ-қа берген осы форматтағы екінші сұхбаты. Былтыр дәл осы күні «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берген еді. Мұндай сұхбаттар ең алдымен қоғам мен билік арасындағы диалогтың бір форматы, екіншіден, мемлекеттік тіл мен отандық баспасөздің мәртебесін көрсету. Бұдан бөлек, биылғы сұхбатта қоғам мен мемлекет үшін маңызды мәселелер көтерілген. Ендеше, оларды бір жүйеге келтіріп талдайық.
Қоғамда көтерілген мәселелерге жауап
Былтырғы және биылғы сұхбаттардың ұқсас тұсы – қоғамда, әсіре се, әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселелерге, сұрақтарға жауап берілген. Сұхбаттың негізгі бөлігін халықтың көкейінде жүрген мәселелерге, кейбір қауесеттерге, сыни пікірлерге орай Президент жауабы құрайды. Атап өтер болсақ, Мемлекет басшысы мынадай мәселелер бойынша жауап берді:
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қатысты сын. Бұл сынға жауап беру барысында Президент былтырғы табиғи апат кезіндегі Үкіметтің жұмысына тоқталған. Қарғын су ол объективті тәуекел. Оны болжау өте қиын. Алайда, орталық және жергілікті атқарушы орган дағдарысты лайықты еңсерді.
2. Президент ішкі саясаттан гөрі сыртқы саясатқа көбірек мән береді деген сын. Халық арасында мұндай пікір көп кездеспейді. Мұндай сын көбіне кәсіби, ғылыми ортада жиі айтылады. Президент пікірінше, ішкі және сыртқы саясатта баланс ұсталады.
Мұнда тағы бір маңызды дүниені атап өткен жөн. Мемлекет басшысы билікке келгелі бері өзі қабылдаған шешімдер мен оның салдарына жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген. Бұл жаңа саяси мәдениеттің қалыптаса баст ағанын көрс етеді. С ебебі, бұған дейін от андық саясаткерлер арасында мұндай мәлімдеме жасау мәдениеті қалыптаспаған.
3. Президент 2026 жылы БҰҰ-ы басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет. Мемлекет басшысы бұл қауесетті жоққа шығарды.
4. Бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты сын. Президент 1 наурызға дейін Үкімет пен Парламент арасында талқы болатынын айтып, сол уақытта нақты шешімге келіп қалар деп болжады.
5. Қаңтар оқиғасының құпиясы толық ашылмады деген сын. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы Парламентте ашық тыңдау болғанын айтты. Бұдан бөлек, саяси дағдарыстың туындау себептері ретінде қосарланған билікті, президенттің шектен тыс саяси салмағы мен лауазымды тұлғалар, оның ішінде күштік құрылым басшыларын іріктеудегі қателіктерді атап өтті.
Бұдан бөлек, Президент Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі, оның РФ президентімен кездесуі жайлы тоқталды. Сондай-ақ, Талғардағы қылмыстық оқиға, саяси реформалар жалғаса ма деген сұрақтарға жауап берді.
«Нақты нәтижесі бар шаруа шамалы...»
2024 жылы 21 желтоқсанда Президент Жарлығымен Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылған еді. Сол күні оның орнына Серік Жұманғарин тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ол бұған дейін тек Премьер-Министрдің орынбасары еді, енді экономикалық блокқа жауапты болмақ.
Үкіметтегі мұндай кадрлық ауыс-түйіс қоғамда қызу талқыға түскенін көрдік. Тіпті, жаңа жылда үкімет отставкаға кетуі мүмкін деген пікір де айтыла бастады. Мұндай шешім не үшін қабылданды деген сұраққа Президент сұхбатта жауап берді. Мемлекет басшысы экономист басшылардың жұмысын орташа бағалап, кабмин басшысы Олжас Бектеновпен кездесу барысында т а лқылағанын айтты.
«Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр. Қазір өңірл ердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы біл етін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет. Былтыр 17 желтоқсанда Премьер- Министр Олжас Бектеновпен кездескенде осы мәселені талқыладық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Демек, үкіметтегі кадрлық өзгеріс мәселесі 17 желтоқсанда талқыланған. Н.Байбазаровтың қызметтен кетуіне тек жұмысында нақты нәтиженің болмауы ғана емес, қоғамда қызу талқыланған бейнебаян себеп болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, экономикалық блокта кемшіліктер жеткілікті. Президент журналистің сұрағына жауап беру барысында былтырғы 4%-дық экономикалық өсім аз екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, валюта бағамында да кері кету бар. Мұның бәрі алдағы уақытта экономикалық блокта өзгерістер болатынын көрсетеді. Қандай өзгеріс болатыны Үкіметтің кеңейтілген отырысында белгілі болмақ.
«Аlmaty-akshamу», №1 (6563) 7 қаңтар, 2025 жыл