ДСМ мектеп медицинасы мен балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді

ДСМ мектеп медицинасы мен балалар лагерлерін бақылауды күшейтеді Сурет: Gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мектеп медицинасын жаңғырту, мектептегі тамақтану сапасын арттыру және балалар лагерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мектеп медицинасында мейіргерлердің рөлі күшейтілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәселен, мейіргерлердің жүктемесін азайту (бір мөлшерлеме 700 емес, 500 оқушыдан келетіндей) жоспарланып отыр, оқушы саны 1000-нан асатын ірі мектептерде стоматологиялық аурулардың профилактикасына арналған арнайы кабинеттер ашылады. Сонымен қатар, медициналық тексеру және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәртібі қайта қаралуда.

Денсаулық сақтау министрлігі Мектептегі тамақтану стандартын қайта қарады және ол биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген типтік мәзір балалар организмінің физикалық және ақыл-ой дамуына пайдалы болмақ.

Бұл стандарт елдегі барлық білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарға қолданылады. Асханасы жоқ шағын жинақты мектептер үшін жеке шешімдер қабылданады. Жаңа ережеге сәйкес, қант мөлшері 3,6 есе, ал тұз 5 есеге дейін қысқартылады. Мектептегі тамақтануға қанағаттанушылық деңгейін бағалау үшін Желінбей қалатын тағам индексі енгізіледі.

Күтілетін нәтиже — инфекциялық емес аурулардың, атап айтқанда, балалар семіздігі 15%-ға, қант диабеті 20%-ға, артериялық гипертензия 18%-ға дейін, басқа созылмалы аурулар 15%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Биыл 191 мектеп, соның ішінде 54 мектеп асханасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан тексерілді. Тексеру барысында апатты жағдайдағы ғимараттар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, мектептердің шамадан тыс толтырылуы, санитариялық-техникалық жағдайдың нашарлығы және басқа да кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде 150 нұсқама беріліп, 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды, 31 адам жұмыстан шеттетіліп, 6 іс сотқа берілді.

Мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп жатқанын айта кеткен жөн.

Түзетулер балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беру, тексеру туралы алдын ала хабарлау рәсімін алып тастау және нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін мониторингтік сапарлар жүйесін енгізуді көздейді.

Жазғы демалыс кезінде балалар лагерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

«Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. 2024 жылы лагерлердің 19%-ы (37 лагерь) дайындықты уақытында аяқтай алмады және балаларды қабылдауды бастай алмады. Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр маусымдық лагерге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, лагерь басшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қызу желі ұйымдастырылды», — деді А. Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды ресми тіркелген лагерлерді таңдауға шақырады — олардың тізімі https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek?lang=ru сайтында қолжетімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:45

17:44

17:21

17:08

16:30

16:27

16:08

15:43

15:17

15:11

15:11

15:09

15:03

14:59

14:45

14:38

14:34

14:32

14:29

14:21

14:12

13:44

13:43

13:40

13:29