AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік...

Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді 

Экономика 20.05.2025, 13:44 891 Bakyt
Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді 
gov.kz

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Барлығы 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылып, 14 617 шағын гидротехникалық нысан ауыстырылып, жаңадан салынды. Сондай-ақ 327,86 шақырым коллектор мен 151 бақылау ұңғымасы қалпына келтірілді.  

Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы көлемі 15,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен жабдықтау және мелиоративтік жағдайы жақсарып, суармалы жерлер толық игерілді. Жоба су шығынын 30%-ға дейін азайту арқылы жылына шамамен 95 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Жергілікті шаруа қожалықтары жұмыс нәтижелеріне оң баға беріп отыр.

«Каналдарды тазарту, шлюздер орнату және басқа да жұмыстардың арқасында су жеткізу жағдайы 35-40%-ға жақсарды. Бұл жүйе диқандарға су тапшылығы жағдайында да жұмыс істеуге көмектеседі. Жалпы нәтижелер өте жақсы»,  – деді жергілікті шаруа қожалығының агрономы Сұлтанбек Үсенов.

«Бұл жұмыстар Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі аясында атқарылды. Осыған ұқсас жобалар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында да жүргізіліп жатыр. Осының арқасында 105 мың гектардан астам жердің суармалы жағдайы жақсарады. Бүгінгі таңда бұл жобалардың 86%-ы аяқталды. Қазірдің өзінде 79,15 мың гектар егістікке су жеткізу жақсарып, жылына 201,8 млн текше метр су үнемдеуге жағдай жасалды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызылорда #Жалағаш #сырдария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);