Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда уақытпен үндескен өнер көрмесі ашылды

Алматыда уақытпен үндескен өнер көрмесі ашылды

Мәдени Алматы 20.05.2025, 14:59 781
Алматыда уақытпен үндескен өнер көрмесі ашылды
aqshamnews.kz

«Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогы – аталған өнер музейінің қорындағы сәндік-қолданбалы өнер туындыларының алғаш рет толық көлемде ұсынылған басылымы. 1938 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтитын бұл отандық өнер тарихында маңызды көркемдік құбылыс болып табылатын туындылар қоры шамамен сегіз жүзге жуықтайды. 

Коллекцияның қалыптасу жылдарында шығармашылықпен белсенді айналысқан суретшілердің қатарында Әбілхан Қастеев, Николай Цивчинский, Александр Риттих, Шажат Оспановтарды атауға болады. Олардың эскиздері бойынша «Кілемші» артелінің шеберлері алғашқы қазақстандық гобелендерді жасап, бұл еңбектер «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінде кеңінен ұсынылады.

«Менің ойымша, Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы авторлардың сәндік-қолданбалы өнерінің толық коллекциясын алғаш рет көрсететін ғылыми каталогтың шығарылуы осы бағытты әрі қарай зерттеудің негізі болып табылады. Жас суретшілер мен өнертанушылар үшін өз дағдыларын жетілдіруге шабыт көзі болады. Біз үшін бұл басылымның жарыққа шығуы Қазақстан Республикасындағы жетекші көркем өнер музейінің 90 жылдығымен және «Ұлттық» мәртебесін алуымен тұспа тұс келуі қуантарлық жәйт. Әрине, музей коллекцияны толықтыру, кеңейту, зерттеумен қатар, насихаттау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Оны ұрпақтарға сақтап, мәдени мұраның жанданған сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтыны анық», – дейді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Г.Жұмабекова. 

Экспозицияға еліміздің танымал кәсіби сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жасаған 90-ға жуық туынды ұсынылған. Олардың арасында кілемдер, гобелендер, киіз, кесте паннолар және тері, ағаш, металл және тас, қыш, фарфор, шыныдан жасалған көркем заттар, сондай-ақ мельхиор мен күмістен жасалған авторлық зергерлік бұйымдар бар. «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесі мен айтулы каталогтың тұсаукесерінде танымал қазақстандық дизайнер Айжан Абдубаиттің «Зер-ғұмыр» киім коллекциясы көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экспозиция #Көрме #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Бүгін 09:22

Қазақстандағы ең бай әйел...

Бүгін 09:00

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Кеше 22:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика