AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Биыл 5 бала терезеден құлап қайтыс болған

Биыл 5 бала терезеден құлап қайтыс болған

Оқиға 20.05.2025, 17:21 779 yakiya
Биыл 5 бала терезеден құлап қайтыс болған
Сурет: Gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Жыл басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді", – дейді Төтеншеліктер.

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар көп. Көбіне қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады, себебі бұл торлар артық салмаққа шыдамайды.

Қазіргі уақытта, ведомство басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Құтқарушылар, ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торларына сенбеңіз, олар баланы ұстап қалмайды;
Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терезе #құлау #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);