Халықаралық тәжірибе – нәтижеге бағытталған қадам

Халықаралық тәжірибе – нәтижеге бағытталған қадам autostat.ru

  Алматы қаласының білім беру жүйесін дамытуға арналған 2023–2030 жылдарға арналған өңірлік     жол  картасы аясында 2024 жылдың 3–24 қарашасы аралығында әріптесім, автокөлікке қызмет   көрсету шеберханасының меңгерушісі Ғабит Советжанұлымен бірге Оңтүстік Кореяға іссапармен   бардық. Сапарымыздың негізгі мақсаты – Кореяның заманауи автокөлік технологияларымен, атап       айтқанда гибрид және электромобильдердің құрылымы мен жөндеу әдістерімен танысу, тәжірибе     алмасу болды.

  Іссапар барысында біз KOOKGE Institute of Technology оқу орнында тағылымдамадан өттік. Мұнда заманауи автокөлік өндірісіндегі жаңа технологияларды зерттеп, инновациялық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларымызды жетілдірдік. Сонымен қатар, Кореяның жетекші автоөндіруші компанияларымен байланыс орнатып, олардың зертханаларында тәжірибе жүргізу мүмкіндігіне ие болдық. Бұл сапар бізге Корея автомобиль индустриясындағы соңғы трендтер мен даму бағыттары туралы құнды ақпараттар жинауға жол ашты.

Салыстыра қарағанда, Корея автоөндірісте автоматтандырылған жүйелер мен озық технологияларды кеңінен қолданады. Қазақстанда бұл сала енді ғана қарқын алып келеді. Дегенмен, елімізде де электрлі және гибридті көліктер өндірісіне бетбұрыс жасалып, жаңа зауыттар ашылып жатыр.

Тағылымдама барысында жинаған білімім мен тәжірибемді Алматы электромеханика колледжіндегі әріптестеріммен бөлісіп, студенттерге заманауи технологияларды үйрету арқылы оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге ниеттімін. Электромобильдер мен гибрид көліктерге қатысты білімді жетілдіру – болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларының халықаралық тағылымдамадан өтуі – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау бастамасымен үндеседі. Бұл бағдарлама еліміздегі техникалық білім сапасын арттыруға бағытталған. Біздің міндет – студенттерді жаңа технологиялармен таныстырып, олардың кәсіби әлеуетін дамыту.

Маемгенов Саулет,
«Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Алматы электромеханика колледжінің өндірістік оқыту шебері

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:45

17:44

17:21

17:08

16:30

16:27

16:08

15:43

15:17

15:11

15:11

15:09

15:03

14:59

14:45

14:38

14:34

14:32

14:29

14:21

14:12

13:44

13:43

13:40

13:29