конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандық

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандық

Әлеумет 20.05.2025, 15:09 1,147
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандық
aqshamnews.kz

Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

 

Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласында құзіретті мамандарды даярлау – еліміздің индустриалды-инновациялық даму стратегиясының басты бағыттарының бірі. Әсіресе автокөлік жөндеу және қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, олардың заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік беру – еңбек нарығындағы сұранысты қанағаттандырудың негізгі шарты.

 

Алматы электромеханика  колледжінде жұмысшы мамандықтарының бірі «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы кеңінен оқытылады. Бұл мамандықты игруде шеберхана меңгерушілерінің рөлі орасаң.

 

Автокөлік шанағын қалпына келтіру – жоғары дәлдікті, біліктілікті және тәжірибені қажет ететін күрделі процесс. Бұл бағытта маман тек жөндеу жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, студенттерді осы кәсіпке баулып, оларға заманауи әдістерді үйретеді. Жаңа технологиялар мен материалдарды қолдана отырып, оқыту процесін жақсартуда. Шеберхана меңгерушісі тек білім беріп қана қоймай, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын жарыстарға білімалушыларды даярлап, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда дамына үлес қосып келеді.

 

WorldSkills чемпионатына жылда қатысушы дайындап, жүлделі орындарға ие болып келем. Бұндай іс- шараларға ат салысу өз ісімізге деген жауапкершілігімізді және кәсібилігімізді көрсететін маңызды қадамдардың бірі.

 

Бүгінде автомобиль индустриясы қарқынды дамып, жаңа үлгідегі көліктер мен күрделі технологиялар енгізілуде. Осыған байланысты, автомеханик мамандары тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық дағдыларды жетілдіруі қажет. Шанақ жөндеу саласында 3D сканерлеу, компьютерлік диагностика, лазерлік өлшеу сияқты заманауи технологияларды қолдану – сапалы қызмет көрсетудің кепілі. Мұндай технологияларды меңгерген мамандар көлік иелеріне жоғары сапалы қызмет көрсетіп, бәсекеге қабілетті бола алады.

Сонымен қатар, шебердің тағы бір маңызды міндеті – студенттердің кәсіби этикасы мен жұмысқа деген жауапкершілігін қалыптастыру. Техникалық дағдылардан бөлек, болашақ автомеханиктер клиенттермен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі, еңбек қауіпсіздігін сақтауы және экологиялық нормаларды ескеруі қажет. Осы аспектілерді үйрету арқылы маман жоғары деңгейдегі кәсіпқойларды даярлап шығарады.

 

Осындай тәжірибелі мамандардың арқасында техникалық және кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамып, болашақ автомеханиктердің кәсіби дайындығы арта түсуде. Ел болашағы – білікті мамандардың қолында, ал білікті мамандарды дайындау – кәсіби шеберлердің еншісінде. Сондықтан, автомеханик мамандығын дамытуға және оны насихаттауға ерекше көңіл бөлу – біздің ортақ мақсатымыз.

Толыбаев Қуанышбек, Алматы электромеханика  колледжі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Кеше 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Кеше 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Кеше 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Кеше 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Кеше 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);