Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жекеменшік мектептер қысқарады

Жекеменшік мектептер қысқарады

Білім және ғылым 20.05.2025, 14:45 825
Жекеменшік мектептер қысқарады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министр жер-жерде ата-аналардан, әкімдіктерден көп шағым түсіп жатқанын айтады.

"Жекеменшік мектептердің ашылуына қатысты бейберекет тірліктің болып жатқаны, мектеп орны жеткілікті ауданға мектеп ашу жағдайлары, материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтамай, ақша табу мақсатымен ғана жұмыс істеу факторлары бойынша шағымдар түседі", дейді ол.

Бейсембаевтің сөзінше, бір кездері жекеменшік мектеп саны 100 болса, қазір 900-ге дейін көбейген. Сол себепті қазір мектептердегі білім сапасына бақылау орнату мәселесі өзекті бола түскен. Ал кейінгі үш жылда жек меншік мектептерді мемлекеттен қолдау көлемі 35 млрд теңгеден 330 млрд теңгеге дейін артқан.

Жекеменшік мектептердің құрылтайшыларымен, қауымдастығымен кездесіп, сапа туралы әңгіме қозғап отырмыз. Мекеме жеке меншік болғанымен, бала жеке меншік емес. Балалардың біліміне, қауіпсіздігіне кез келген мекеме жауапты. Оны қадағалауды өзімізге міндет етіп алып отырмыз. Ол болжамдармен келісем, жеке меншік мектептердің үлесі 5% дейін кемуі мүмкін. Тиісті жабдықтармен жабдықталмаса солай болады. Жоғары аудиторлық палатаның тексеруінде мәлім болды, жертөледе де мектеп ашуға ұмтылған адамдар бар. Ондай мектептер, әрине, жабылады. Жеке меншік мектептер қажеттілік туындаған жерлерде ғана ашылу керек. Ондай мектептерді қолдауға дайынбыз. Қазір жеке меншік мектептермен бірлесіп тексеру жүргізіп, заңсыздықтардың статистикасын анықтаймыз, - деді Бейсембаев. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #жекеменшік #жабдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика