Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дәретхана есігі неге жабық?

Дәретхана есігі неге жабық?

Әлеумет 16.05.2023, 08:36 2,035
Дәретхана есігі неге жабық?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Осыдан бірнеше күн бұрын әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, институт педиатрия аялдамасында тұрған автобусты көзім шалды. Жақындағанда байқадым көлік жүргізушісі жоқ. Жол ортасында жүргізушісіз қоғамдық көліктің жүргізушісі қайда кетуі мүмкін. Ішінде халық отыр. Сөйтсем, әлгі жүргізуші аялдама артындағы талдардың тасасынан шығып келеді. Көшеде қоғамдық дәретхана болмаған соң дәретке отырғанын түсіндім. Өз іс-әрекеті үшін ұялғанын білдіргендей көпшілікке күліп қояды. 
Бұл жерде көлік жүргізушісінің еш кінәсі жоқ. Ол амалсыздан сол әрекетке барды. Өйткені қалада қоғамдық дәретхана жоқ. Бұл күндері жол жағасындағы кафе, дүкен дегендерің дәретханаға кіруге рұқсат бермейді. Олардың да есебі дұрыс. Өйткені сырттан келген адамдардың барлығына рұқсат бре берсе кешке дейін қаншама шығын келеді. 
Бір-екі жыл бұрын Алматыда халық көп жиналатын жерлерде (саябақтарда, базар маңында, т.б.) орналасқан қоғамдық дәретханалар пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары нақты мекенжайларды жариялап, инсталляцияның бастамашылары Visit Almaty жігіттері екенін жазған. 
Тіпті 20 әжетхананың сметалық құны да жарияланды – 178,5 миллион теңге (1 дәретханаға шамамен 6,5 миллион теңге). Бұқаралық ақпарат құралдары дәретханаларда жылу болатынын, суды жылытуға арналған қазандықтар, вандализмге қарсы унитаздар, раковиналар, қол кептіргіштер, сабын салғыш және т.б. орнатылады деп болжады.
Жағдайды сол кезде қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов:


- Мұндай дәретханаларға сұраныс бар. Қала тұрғындары мен қонақтарының ұсынысы болған. Дәретхананың бағасы компаниялардың коммерциялық ұсыныстары негізінде жасалды. Бұл сомаға дәретхана модулін жасау, құрастыру, жеткізу құны мен сантехникалық құралдарының бағасы кіреді. Дәретханаларда желдеткіш, жылыту, сыртқы бақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де тиісті талаптар ескерілген, - деген болатын. 
Шынымен құны шамамен 6,5 миллион теңге тұратын дәретханалар істеп тұр ма? Бұған арнайы көз жеткізіп қайттық. 
Сайран көлінің маңындағы дәретхана есігін аша алмаған әйелдер автовокзалға бет түзеді. Ал Әуезов атындағы Академиялық драма театрының жанындағы дәретхананың үш есігінің біреуі ғана ашық. Бірақ, ішінен жылы су немесе желдеткіш таба алмадық. Қыстың күні табиғи желденіп тұрған терезені жапсаңыз ішінде тұншығып қалу қаупі бар екенін де айта кеткен жөн болар. Ал Байтұрсынов саябағындағы қоғамдық дәретхананың есігін қанша ашамыз дегенімізден түк шықпады. 
Неліктен осы әжетханаларға қызмет көрсететін адамдарды жұмысқа алып, бюджетте алдын ала қаражат төлеу қарастырылмаған? (Олар тазалықты, дәретхананың жұмысқа жарамдылығын бақылап отыруы керек).
Алматыда туристік маусым басталды. Ал,  санитарлық торап деп аталатын бұл нысан қала тұрғындары мен қонақтарына есігін жауып алып ашар емес...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәретхана #туризм #істемейді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Стоп сталкинг» форумы өтеді

Бүгін 11:07

Римма Масырова: Конституцияны жаңарту - уақыт талабы

Бүгін 10:58

Ұйғыр мәдени орталығының басшысы қазақстандықтарды конституциялық өзгерісті қолдауға шақырды

Бүгін 10:54

Алматының қоғам қайраткерлері алдағы референдум туралы айтты

Бүгін 10:46

Алматыда синтетикалық есірткі алуға әрекет жасаған адам қамауға алынды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі