AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полицейлері интернет-алаяқтарды анықтады

Алматы полицейлері интернет-алаяқтарды анықтады

Оқиға 16.05.2023, 08:29 1,651
Алматы полицейлері интернет-алаяқтарды анықтады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Наурызбай ауданының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды.


Алматы полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жақында ер адамға бейтаныс біреу қоңырау соққан. Ол адамның сөзіне сенген тұрғын банктен 7 млн теңгеден астам қарыз алған.



«Қоңырау шалған азамат өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдемек болып жатқанын айтты. Әңгімелесуші жәбірленушіні оған көмектесетініне бірден сендірді, бірақ оның нұсқауларын бұлжытпай орындауды талап етті. Алдымен “банк қызметкерінің” талабы бойынша жәбірленуші телефонына күмәнді қосымшаны жүктеп алған, бұл қаскөйлерге оның мобильді банкингіне қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік берді. Одан әрі әңгімелесушінің кеңесімен телефонына екінші деңгейлі тағы үш банктің қосымшасын жүктеп алған. Осылайша, қаскөйлер жәбірленушінің атына 7,2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Спикердің айтуынша, бұл қылмысты ашу үшін қалалық криминалдық полиция және Наурызбай аудандық ПБ-ның қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды.



«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін орындаған 29 және 34 жастағы екі азамат ұсталды және қамауға алынды. Қазіргі уақытта алаяқтықтың басқа қатысушыларын ұстауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Аханов.



Қазақстан Республикасы ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #алаяқ #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);