ffin.kz

Бауырластық байланыс беки түседі

Бауырластық байланыс беки түседі Қайрат Қоныспаев

Алматыда «Жібек жолыІІІ» халықаралық білім жәрмеңкесі өтті

Көрме Түркия Республикасы сауда министрлігінің қолдауымен өтті. Іс-шараға Түркияның 12 жеке және мемлекеттік университеті мен 13 қазақстандық университет қатысты. Бұл көрменің ерекшелігі – әлемде тұңғыш рет түрік және қазақстандық университеттер ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.

Білім жәрмеңкесінің мақсаты – мектеп бітіруші түлектер мен магистранттарға қос елдің жоғары оқу орындарын таныстыру. Іс-шараның ашылуында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу мен университет ректорлары сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жәмеңке бұрын өткен іс-шаралардан ерекше болмақ. Себебі, көрмеге Қазақстаннан да 13 университет қатысты.

«Жоғары сынып оқушылары мен магистранттар үшін маңызды көрмені әлем бойынша тұңғыш рет Алматыда өткізіп отырмыз. Екі елдің 25 университетінің басшыларының қатысуымен 250-ге жуық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды. Қос мемлекет арасындағы ғылыми байланысты нығайтуда аталған шараның маңызы зор», дейді KZ EXPO басқарма төрағасы Хасан Өзкаражалар.  

  Тақырыпқа орай

Эврен МУДЕРРИСОГЛУ, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы:

Әлеуметтік ынтымақтастық артады

Жоғары сынып оқушылары мен бакаларвариат студенттеріне Түркияда білім алу туралы ақпарат беру және Түркия мен Қазақстан университеттері арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықты арттыру үшін ұйымдастырылды.  Түрік университеттері халықаралық аренада жетістікке жетуде. Түркия қазіргі уақытта ең көп шетелдік студенттер оқитын әлемнің үздік 10 елінің қатарына кіреді. Түркияның жоғары оқу орындарында 198 елден 350 мыңға жуық студент білім алуда. Жыл сайын Түркияға әлемнің түкпір-түкпірінен білім іздеген жастар ағылып барып жатады. Осы орайда, қазақстандық бауырларымыздың да Түркияда білім алуы барлық саладағы ынтымақтастықты нығайтады деп ойлаймын.

Бүгінгі іс-шараға қатысқан университеттер өзінің білім деңгейі мен сапасын көрсетеді. Алдағы уақытта білім беру саласында зерттеулерге басымдық беретінімізді айтқым келеді. Менің ойымша, осы жәрмеңкеге қатысқан университеттер қатысушыларға білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі таныстырды. Осылайша екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді. 

 Нұрлан ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Әлеуметтік ісі жөніндегі деканының орынбасары:

Жастар мүмкіндікті дұрыс пайдалануы керек

Біздің университеттің 4-курс студенттері Түркия Республикасының Алматы қаласындағы консулдығында волонтерлік қызмет атқарады. Солардың берген ақпараты бойынша келіп отырмыз. Жастарымыз түрік еліндегі беделді университеттерде білім алуына жағдай жасалып жатқанына қуаныштымын. Қазірдің өзінде Түркиядан бакалавр, магистратура мен докторантура бойынша білім алып, елге оралған мамандар көп. Мәселен, жақында тарих мамандығынан 2-3 докторант PhD докторлық диссертацияларын қорғап келді. Өздеріңіз білесіздер, Түркияның еуропалық елдермен қарым-қатынасы бізге қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Шетелде білім алу мүмкіндігін дұрыс пайдалануымыз керек.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07