AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бас прокуратура: 328 мың қаулының 286 мыңы ғана за...

Бас прокуратура: 328 мың қаулының 286 мыңы ғана заңды

Заң мен тəртіп 18.11.2021, 14:47 1,159
Бас прокуратура: 328 мың қаулының 286 мыңы ғана заңды
baq.kz



Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Онда ведомствоның 2022 жылға арналған басым бағыттары белгіленді. Отырысқа Бас прокуратураның, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, Құқық қорғау органдары академиясының басшылығы, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың прокурорлары қатысты.


Отырыс басында Ғизат Нұрдәулетов прокуратура органдарының өткен кезеңде қылмыстық жағдайды бақылауға, қылмыстық-құқықтық саладағы реформаларды ілгерілетуге, қадағалауды азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлауға ерекше назар аударғанын атап өтті.



Барлық деңгейдегі прокурорларға алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға, балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға және есірткі саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.



Атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы Бас Прокурордың орынбасарлары есеп берді. ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесі негізінде қылмыстық процесті кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша Президенттің тапсырмаларын іске асыру туралы баяндалды.


Үш буынды модельді енгізудің бірінші кезеңі – негізгі процестік шешімдерді келісу қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында құқық қорғаушылық кедергіні белгілеуге мүмкіндік бергені атап өтілді.



Жыл басынан бері тергеу органдарының 328 мың қаулысының 286 мыңы ғана заңды деп танылды, ал қалғандары келісуден бас тартылған немесе олар қайта пысықтауға жолданған. Нәтижесінде тергеу сапасы артып келеді, азаматтарды қылмыстық шеңберге негізсіз тартудың алғашқы сатысында жолы кесілген.



Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық салада дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жерді ұтымды пайдалану, азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, балалардың құқықтарын қорғау және басқа да өзекті бағыттар бойынша нәтижелі тексерулер мен талдаулар жүргізілді.


Соның нәтижесінде прокурорлардың қадағалау актілері бойынша 4,8 млрд теңгеге 880 мың гектар жер қайтарылып, 1027 бизнесті заңсыз тексерудің күші жойылды. Мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің негізсіз шектеулері бар 60 қаулы өзгертіліп, заңға сәйкестендірілді.


Алқа қорытындысы бойынша қадағалау ведомствосының басшысы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, халықтың сенім деңгейін арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерді белгіледі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #прокуратура #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);