ffin.kz

Ауыл – қазақтың қазынасы!

Ауыл – қазақтың қазынасы! Сурет: Sorum.ixbt.com

Ауылды дамыту – өркениетке бет бұрумен тең.


Жақында ғана ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Туған жерімізде осындай оң өзгеріс болғанына біздер де қуаныштымыз. Шамамен 60 пайызы жаңарған көрінеді. Осы тұрғыдан келгенде, ата-бабамыздың «әкім бол – халқыңа жақын бол» деген нақылы ойға оралады. Осы айтылған дүниелер күні бүгінге дейін жүріп келеді.


«Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» депті дана жұртымыз. Расында, солай. Қаншама ұзақ, шалғайға кетіп оқу оқысақта, бәрібір көңіл түпкірінде тұрады. Бала күніңде аунап-қунап, тай-құлындай тебісіп бірге өскен, достарың, құрбы-құрдастарың бәрібір көңіл түпкірінде болады. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейтін сөзге толық келісуге болатындай. Себебі, сол уақыттарда жас болдық, бала болдық. Кейін ержетіп, мектепті бітіргеннен кейін түсіне бастайды екенсіз.


Болашақта ауылда тұратын халықтың үлес салмағы азаятын көрінеді. Қазіргі таңдағы көрсеткіш бойынша, 40-%-дан сәл-ақ жоғары екен. Бұл дегеніміз, қалаға жаппай қоныс аударуды білдіреді. Болашақта үлкен мегаполистердегі урбанизация қарқын алмақ. Сөйтіп, қала мен оның маңындағы адамдардың көбеюі арта бермек. Бұл, бір жағынан, заманның талабы болар.


Сарапшылар бұл әлемде бар тенденция дегенді айтады. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында ауылдықтардың үлесі небәрі 2-% құрайды. Бұл дегеніміз – кеміді деген сөз емес. Қайта барлық ауылшаруашылық өнімді қамтамасыз етеді. Сиыр, қой еті, оған жем-шөп даярлау түгелдей өздерінде өтеді. Сырттан халық көп тұтынатын картоп, сәбіз, пияз сынды өнімдерді өздері егеді. Бірінші кезекте, өздерін қамтамасыз етіп, содан кейін барып экспортқа шығарады. Бидай дақылдары да өздерінде өседі. Бір жағынан алып қарағанда, АҚШ - алпауыт держава. Сол сияқты елдің қатарына Австралияны жатқызар едік. Мұнда ауылшаруашылық саласына баса мән берілген. Былайша айтқанда, жан-жақты дамыған аграрлы мемлекет. Дүниежүзі ең сапалы ет пен сүт қайда дегенде, Автстралияны көрсетеді. Отандық ғалымдар біздің жеріміздің климаты нағыз осы салаға арналғандығын айтуда. Ол үшін, ең бірінші, жердің эрозияға ұшырамауын айтуда. Топырақтың 25 сантиметрге дейінгі бөлігін аман-есен сақтап, тыңайтып, қопсыту қажеттігін меңзеуде. Сол бойынша бірқатар шаралар істеліп те жатыр.


Егер ауылымыз экономиканың күре тамырына айналсын десек, жоғарыда аталған тәжірбиелерді басты назарға алынса, біраз шаруа өздігінен шешімін табады. Қазір бүкіл әлемде азық-түлік тапшылығы басты күн тәртібінде тұр. Бұл жөнінен БҰҰ-ның да дабыл қағып жатқанын білеміз. Егер әр ел өзінің тұтынатын тамағын өзі өндірсе, онда олар өзгелерден оқ бойы озық тұр дегенді айтуда. Шынымен де солай!


Әгәрәки, киімнен бастап алдымыздағы асымызды өзіміз шығарсақ, онда сыртқы тәуелділіктен арылдыңыз деген сөз. Бұл қырынан келгенде, елімізде тындырылып жатқан ілкімді істер баршылық.


Қорытындылай қайырғанда, ауыл - қазақтың атын бесігі, бары һәм нары. Болашақта дамыған мемлекеттердің тәжірбиесіне сүйеніп, бұдан да мықты дәрежелерге қол жеткізуге жазсын! Осы жолда ел мен жерді гүлдендіруге барлық күш-жігерімізді салуға тиіспіз. Алтын бесік - ауылымыз өркендеудің даңғылына түсе берсін демекпіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51