Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауа жайылудың арты – сор

Ауа жайылудың арты – сор

Әлеумет 01.04.2025, 13:10 975
Ауа жайылудың арты – сор
Сурет ЖИ

Кезінде әлдебір ғұлама «Адам баласы білуге тиіс нәрселердің ішіндегі ең міндеттісі – зияның неғұрлым аз тиетіндей өмір сүру» деген екен. Сол айтпақшы, біз «Жер ­– бәріміздің ортақ үйіміз» деген түсінік әр санада берік орнығып келе жатқан маңызды кезеңде өмір сүріп жатырмыз.

Қазіргі таңда адамзаттың қоршаған ортаға әсер, ықпалын қарастыратын экология ғылымы кеңінен өріс алуда. Алайда, «экология» сөзі бүгінде тек табиғатқа қатысты ғана қолданылмайды, яғни ауқымы әдеттегіден әлдеқайда кең. Осы тұрғыдан алғанда, енді қарым-қатынас экологиясы туралы айтатын, мәселе көтеретін кез келді. Өйткені біздің аралас-құраластығымыз әдеп нормаларынан айтарлықтай ауытқыды, көп жағдайда сүйектен өтер сөзбен бір-бірімізді аяусыз түйреп, жанымызды ауыртуға құмармыз. Бітпейтін текетірес, әркіммен бір алысқан, арпалысқан ит-ырғылжың тірлік, бақай есепке құрылған күнкөріс қамы күнделікті өмірді былай қойғанда, соңғы уақытта түсіріліп жатқан кинофильмдерге де арқау болудан танбай тұр.

Кино – өмірдің айнасы, қоғам болмысының көрінісі десек, мүмкін, солай болуы заңды да. Осыдан келіп көрермен қауым, әсіресе кеңестік жүйе тәрбиесін көрген жұрт жүрегін нұрға толтырып, жанына шуақ құятын баяғы фильмдерді сағынады. Дәлірек айтқанда, сол кинолардағы кейіпкерлерге қарай отырып, адам атаулының адал да аңғал, қайырымды да мейірімді, қарапайым да шынайы болмысын аңсайды. Достық пен махаббатқа, адалдық пен адамгершілікке, өзара сенім мен үмітке үндейтін шығармаларға сусайды. Өкінішке қарай, соңғы кезде кинотеатрлар экранын құрғатпауға айналған картиналардың көпшілігі бұл талап үдесінен әлдеқайда алшақ. 

Осы орайда, танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың: «Қазір кез келген адам актер немесе режиссер бола кететін уақыт. Экранда сондай жиіркенішті нәрсе болып жатыр. Мұны көргенше, өлгенім артық еді. Цензура енгізетін уақыт жетті. Фильмде боқтық сөз айтады. ...Тіпті экранда еркектер емес, әйелдер аузына келгенін айтатын болды. Бұл қарқынмен біз қылмыскерлер қоғамын қалыптастырамыз. Сол фильмдерге баратындар – болашақ қылмыскерлер. Не насихатталып жатқаны олардың ойына да кіріп шықпайды. Бұл деген – жаппай азғындау» деген сөзі ойға оралады.

Әдетте біреуді ұрып жығып, бұзақылық істеген адам заң аясында жауапқа тартылады. Есесіне біреуге тіл тигізіп, жүрегіне дене жарақатынан да ауыр жара салған адам жазадан сырт қалады. Ал жәбіренуші моральдық тұрғыда қаншама ауыр соққы алады! Көргенсіздік, дөрекілік жанын жаралап, ызаға булығады, қаны басына шапшып, бойын ашу кернейді. Бәрін сабырға жеңдіріп, өз-өзін ұстауға тырысқанымен, жағымсыз жайттың салдары болмай қалмайды. Орынсыз кикілжің талай инфаркт пен инсультқа себепкер болғанын күнделікті естіп те, біліп те жүрміз.

Жаппай азғындау десе-дегендей, боқтанып сөйлеу, естір құлаққа ұят, көрер көзге масқара әрекеттер ересектерді қойып, тіпті жасөспірімдер мен жастардың арасында да қалыпты жайтқа айналып барады. «Қалалықтар» дегенде бұрын мәдениеті жоғары, білімді, ортада өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы бөлек қауым елестейтін. Қазір ондай айырмашылық та, ерекшелік те байқалмайды. Көшені айтпағанда, әжептәуір кеңселер мен қоғамдық орындарда да көптеген жастардың былапыт сөйлеп, әдепсіздік танытатыны бар. Сөзіне қарасаң оларды тіпті «қыз» деп, «жігіт» деп ажырата да алмайсың. Бәрінің мәнері бір.

Баяғыда боқтанып сөйлеу мен былапыт сөз – мас адамдарға немесе мәдениетсіз, түк көрмеген, білімсіз, тәрбиесіз біреулерге тән сияқты көрінсе, енді бұл жалпыға бірдей көрініске айналып барады. Ең сорақысы, соларға «тәйт!» дейтін адамның жоққа тән екені. Бұлай ауа жайылу жақсылыққа апармайды.

Арқаның қызыл изені,

Басы – күрдек, түбі – арал.

Қыдырып шалар аруана.

Кәрісі кімнің жоқ болса,

Жасы болар дуана.

Бір сынаған жаманды,

Екінші қайтып сынама.

Тіріде сыйласпаған ағайын,

Құм құйылсын көзіңе,

Өлгенде маған жылама, – дейді Махамбет бабамыз. Сол айтпақшы, жастардың бейпілауыз, дуана болу-болмауы үлкендердің үлкендігіне, көрегендігіне де  байланысты. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік ахуал онсыз да ширығып тұрған бүгінгідей күрделі кезеңде бір-бірімізге түсіністік пен төзімділік, сыйластық, аяушылық танытып үйренбесек дүниенің тарылғаны – тарылған.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өмір #Кино #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика