ffin.kz

Астана әділдікті  талап етеді

Астана әділдікті  талап етеді almaty-akshamy.kz

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында импорттық баж салығы үлесін қайта қарауды талап ететін елдер көшін бастады. 2023 жылдың аяғына қарай біз алып отырған 6,955% үлестің әділетсіз екені айқын байқалды. Қырғызстан мен Армения да үлесті қайта қарауға мүдделі. Бірақ ресми Астана сияқты емес, дауыстары қатты шықпай отыр. Ресей мен Беларусь санкциялар кесірінен импортты жоғалтса да, үлесті қайтадан әділ бөлуге мүлде құлықсыз.



ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ОДАҚ РЕСЕЙ МЕ?


Ресей 2022 жылғы ақпан айынан бері барлық статистикасын түгел жауып таста­ды. Содан бері сарапшылар Ресей импор­ты, резервтер құрылымы бойынша ақпарат ала алмай келеді. Әрине, өз статистикасы­мен не істегісі келеді, жаба ма, аша ма, өшіре ме, ол Ресейдің ішкі ісі. Толық өзі біледі.


Бірақ ең қызығы, ЕАЭС-те өз статисти­касын сайттан жасырып қойған. Яғни 2022 жылдың қаңтар айынан бергі мәліметтер жоқ.


Бұл қалай, ЕАЭС тек Ресей емес қой? Сонда Мәскеуде Еуразиялық экономика­лық комиссиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь өкілдері не істеп отыр деген сұрақ туындайды. Біздің Мәскеудегі өкілдер Бақытжан Сағынтаев пен Бақыт Сұлтановқа да осы мәселені көтеруге бо­лады.


Inbusiness.kz есебінше, 2022 жылдың қортындысы бойынша Астана, Бішкек пен Ереван импорттағы үлесін 15,8 пайызға арттырған. Бұл оларға келісім бойынша тиесілі 10,075% үлестен (Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%) кем дегенде бір жарым есе артық.



ИМПОРТТЫҚ ПОШЛИНА,  БҰЛЫҢҒЫР СТАТИСТИКА


2021 жылы ЕАЭС-ке импорттық пошли­надан 13,5 миллиард доллар келді. Одан Қазақстанға 939 миллион доллар түсті. Былтырғы жылы бізге бұлыңғыр статистика арқылы шамамен 630 миллион доллар түс­кенін шамалауға болады. Бірақ нақты им­порт көлемдеріне қарасақ, бізге кемінде пошлинадан 1 миллиард доллар келу керек еді. Сонда былтыр 370 миллион доллар не­месе 170 миллиард теңге жоғалттық. Ал биыл шамамен 200 миллиард теңгеден айы­рыламыз. Бұл күніне 548 миллион теңге.


Қазақстан осы әділетсіздікті түзегісі келеді. Ресейге салынған санкцияның жақын уақытта алынбайтыны түсінікті. Сондықтан біздің баж салығындағы үлесіміз артпаса кемімейді.


«Аlmaty-akshamy», №129, 28 қазан, 2023 жыл



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32