ffin.kz

Ашамайға мінгізу салты

Ашамайға мінгізу салты almaty-akshamy.kz

Оны қазіргі жігіттік өнермен (джигитовка) не байланыстырады?


    



Күшпен жылқыны басқару өнері


Бұрын ат үстіндегі әртүрлі әдіс-тәсілдерді тек цирктен ғана көретінбіз. Соңғы кездері ат спорты жарыстарында  шабандоздық өнер жиі байқалады. Қаладағы ат спорты кешендерінде үйрететін арнайы мамандар да бар.



ХХ ғасырдың 70-жылдарында спорттық ойындардың қатарына енген шабандоздық өнер вальтижорлықты алмастырған спорттың бір түрі ретінде енгізілген. Вальтижировка – ат спорты пәні, онда спортшылар тобы гимнастикалық және акробатикалық жаттығулардан тұратын бағдарламаларды ат үстінде тұрып орындайды. Халықаралық ат спорты федерациясы мойындаған 10 ат спорты пәнінің бірі. Аталмыш пән АҚШ пен Еуропада, атап айтқанда, Германия мен Швейцарияда өте танымал. Джигитовка – вальтижировка спортының жалғасы ретінде әлемдік спорт саласына енген қиын өнер. Соғыс жылдарында ұрыс барысында ат үстінде әртүрлі іс-қимылдар жасалған. Уақыт өте келе, сол қимылдарды өңдеп, циркте көрсетілетін акробаттық әдіс-тәсілдерге алмастырады. Яғни ат спортының әскери-қолданбалы түріне жатады. Аса қатты жылдамдықпен шауып келе жатқан аттың үстіне секіріп мініп, секіріп түсіп, атты айналып, тіпті бір жағынан екінші жағына ауысу сынды күрделі жаттығулар көрсету оңай емес. Шабандоз сол арқылы  өзінің ептілігін, батылдығын, атқа ие болудың шеберлігін көрсетеді.



Джигитовка ежелгі заманда әртүрлі халықтар арасында атқа міну өнері ретінде пайда болды деген де ақпарат бар. VI ғасырдағы Византия шежіресіне сәйкес, дала мен орман арасындағы шекарада өмір сүрген  көшпенділердің жиі шабуылынан қорғану үшін славян тайпалары джигитовкамен айналысқан.


Жалпы, «джигитовка» атауы түріктің джигит – шабандоз, батыл шабандоз деген сөзінен шыққан. Кавказ және Орталық Азия халықтары жекпе-жек өнері ретінде қолданған.



Қазақтың қанында бар


Джигитовканы қазақ тілінде жігіттік өнер деп атап жүр. Ат спортының осы түрімен әуесқой ретінде айналысатын алматылық Бекзат жылқыны алғаш қолға үйреткен халық қазақ жерінде өмір сүргендіктен, бұл өнерді де ойлап тапқан біздің ата-бабаларымыз деп санайды.


Атты әртүрлі әдістерге үйрету үшін де көп күш жұмсалады. Тіпті, 2-3 жылдың өзі аздық етеді дейді кәсіби спорт мамандары. Ат үстінде экстремалды ойын көрсетерде алдымен аттарды мұқият үйрету керек. Олар шабандоздың айтқанын орындап, спортшыға көмектеседі. Әдіс-тәсілдердің сәтті шығуы спортшы мен атқа  байланысты. Ат пен шабандоздың байланысы мықты болуға тиіс. Күніне 2-3 сағаттық дайындық екеуінің бір-біріне үйренісуіне көмектеседі.



Қазақта баланы ашамайға мінгізу деген бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан, бүгінде кенже қалған ғұрып бар. Ертеде халқымыз ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш атқа мінгізу рәсімін өткізетін болған. Мұны «ашамайға мінгізу», «ашамай тойы», кей аймақтарда «атқа мінгізу тойы» деп те атаған. Кейбіреулер жігіттік өнерді (джигитовка) осы ашамайға мінгізу салтымен байланыстырады. Баланы тәрбиелеудің озық үлгісі саналатын бұл салтты Зейнеп Ахметова «Күретамыр» кітабында тарқатып жазады.



«...Әрине, қазақ баласы үшін атқа міну таңсық емес. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру қалпына қарай көшіп-қонуы, жолаушы жүруі, басқа ауылға қонаққа баруы секілді жүріс-тұрыста бүлдіршіндер ат үстіндегі үлкендердің алдында екі-үш жасынан-ақ отырып үйренген. «Атқа мінгізем» десе, жылауын дереу тоқтататын қазақ баласы көзін тырнап ашқаннан жылқыға үйір болып өскен. Ал бір өзінің жеке тайға мінуі – бала үшін зор мәртебе, ол енді тізгін иесі», - деп келтіреді.


Ат құлағында ойнау - қазақтың баяғыдан бері қанында бар қасиет екені айдан анық нәрсе. Ертедегі қыпшақтарда жылқы театры болыпты. Демек, бүгінгі джигитовканың негізі қыпшақтар дәуірінде қаланды деген сөз. Жауынгерлік өнермен айналысатын жастардың қарасы көбейген. 


Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау арқылы көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады.


Ежелгі сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған.  


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10

18:45

18:38

18:29

18:09

17:45

17:44

17:30

17:22

17:19

17:09

16:37

16:27

16:08

16:01

15:50

15:49

15:28

14:35

14:06

13:35