AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Ана тіліне құрмет отбасынан басталады": шетелде ж...

"Ана тіліне құрмет отбасынан басталады": шетелде жүріп балаларын қазақша сөйлеткен отбасының құпиясы

Әлеумет 05.09.2025, 16:09 1,152
"Ана тіліне құрмет отбасынан басталады": шетелде жүріп балаларын қазақша сөйлеткен отбасының құпиясы
Сурет: Айкерім Иманбаеваның жеке парақшасынан

Қазір қазақ тілінде сөйлеуге деген қызығушылық жоқ емес, бар. Бірақ, өкінішке қарай, әлі де аз. Елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ресми қарым-қатынас тілі. Қазақстанда осы екі тілдің қайсысында сөйлеймін десе де шектеу жоқ. Десе де, ана тіліміз әлі де тасада қалып қойып жатқандай сезіледі.  Олай деуімізге себеп - қазақ отбасынан шыққан балалардың ана тілін білмей, өзге тілде шүлдірлеуі көбеймесе, азая қоймады. Десе де "көпке топырақ шашпайық", тілге жанашырлық танытып, оны қай жерде жүрсе де қолданысынан тастамайтын, ойынан шығармайтын жандар да бары қуантады. Ниет болса, тілдік орта болмаса да ана тілін де қолданыстан шығармауға болатынының дәлелі де бар. 

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. Осы атаулы күнге орай Aqshamnews.kz тілшісі елден жырақта жүрсе де, балаларына бірінші кезекте қазақ тілін үйретіп жүрген жанұямен тілдесіп көрді.

Бүгін біз тілге тиек еткелі отырған кейіпкеріміз - Америка Құрама Штаттарының Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында тұратын Айкерім Иманбаева. Ол Instagram желісінде afffffonya (Афоня) деген атпен блог жүргізеді. Оның әрбір жазбасынан ана тіліне деген құрмет пен жанашырлық сезіліп тұрады. Балаға ана тілі ана сүтімен дариды деген сөздің жаны бар. Айкерімнің парақшасындағы балаларымен сөйлескен әрбір әңгімесіне қарап, еріксіз осындай ой түюге болады.

Алматыда туып-өскен Айкерім Air Astana әуе компаниясында бортсерік болып жүрген кезінде болашақ жары Артеммен танысады. Қазір олар – Арлан атты ұл мен Амани есімді қыздың ата-анасы. Артем – Өскеменнің тумасы. Жүрек қалауымен, ата-аналарының батасымен көңіл жарастырған бұл отбасы екі ұлттың өкілі бола тұра әрі қанша жыл шетелде тұрса да, олар өзара қазақша сөйлесуді өмірлік қағида еткен.

Айкерім балаларының қазақша сөйлеуі үшін бар жағдайды жасап, оларды қолдап, тілді ұмытпауы үшін олармен барынша қазақша сөйлеседі. Ол үшін қазақ тіліндегі ертегілерді оқып, мультфильмдердің де қазақшасын көрсетеді. Үйде, тіпті көлікпен жүрсе де үнемі қазақша әуендерді қосып қояды. Сөздік қорды байыту үшін оларға көп сұрақ қойып, таныс емес дүниені түсіндіруден жалықпайды. Америкалық мектепте оқығанымен, кішкентай Арлан мен Амани тәтті тілімен қазақша сөйлеуі -  ол үшін үлкен қуаныш.

«Бұл – үйленбей тұрып-ақ шешіп алған ортақ ұстанымымыз еді» дейді Айкерім. Жолдасы Артем де қазақ тілін еркін меңгерген. Айтуынша, жұбайының қазақшаны еркін меңгеруіне қазақ-түрік лицейінде, кейіннен ЖОО-да  оқығаны көп септігін тигізген.  Сондықтан Артемнің  өзі де отбасында  қарым-қатынас құралы - қазақ тілінде болғанына еш қарсылығы жоқ, қайта қолдайды. 

Отағасы мен отанасы ағылшын тілін де еркін біледі. Балаларына өзге тілдерді үйренуге кедергі жасамайды. Тек «өз тілін құрметтеуді ұмытпасын» деген ұстанымды берік ұстанады. Айкерімнің сөзімен айтсақ:

«Мен жан-жақты дамуды қолдаймын, соның ішінде барлық тілдерді үйренуге де қарсылығым жоқ. Бірақ ол өз ана тілімді ығыстырмай, оны құрметтей отырып жүзеге асуы тиіс».

Айкерімнің іс-әрекеті шетелде жүрген қазақ отбасыларына ғана емес, Қазақстанда тұрып өз балаларымен қазақша сөйлесуге арланатындарға да үлгі. Бала тілге ең әуелі үйде қанығады. «Қазір екі қазақтың қазақша сөйлескеніне таң қалатын заман болды ғой» деп жазған Айкерімнің өкінішінде шындық жатыр.

Тілге деген құрмет – ұрандатудан емес, Айкерімдей жандардың өз отбасынан бастаған кішкентай қадамдарынан басталады деп ой қорыттық.

                                                

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #шетел #Жанашыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03

Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін 12:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика