AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау...

Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева

Әлеумет 29.01.2026, 23:20 200
Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева
Сурет: https://web.telegram.org/k/#@konstituciyalikreforma

Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасында отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Сонымен қатар неке институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және баланың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ережелер енгізіліп отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Конституция жобасының 27-бабында қолданыстағы редакциядағыдай, неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені, ал балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті екені бекітілген.

«Бұл нормалар декларативті тұрғыда емес, нақты қолданбалы сипатқа ие. Олар мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, бала құқықтарын қорғау саласындағыәселесінде шешім қабылдағанда немесе ұстанымым күнделікті жұмысымызға арқау болып отыр. Балаларды қорғау мызды қорғағанда біз дәл осы Конституциядағы түбегейлі қағидаттарға сүйенеміз», – деді Динара Закиева.

Комиссия мүшесінің айтуынша, конституциялық нормалар өмірде нақты көрініс табуда. Тек өткен жылдың өзінде мемлекет тарапынан 51 мыңнан астам оқиға кезінде қауіп-қатер дер кезінде анықталды. Алдын алу шаралары жүргізіліп, балалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілген.

Балаларды қорғау тек дағдарыс жағдайларында әрекет етумен шектелмейді. Ол сондай-ақ балаларды әлеуметтік қолдауға, денсаулық сақтау, білім мен тәрбие беру ісіне, қауіпсіздігіне және отбасында өмір сүру құқығына кепілдік беруді қамтиды. Бұл үдерісте баланың әл-ауқатының негізгі тірегі ретінде отбасы мен ата-ананың жауапты қамқорлығына ерекше мән беріледі.

Динара Закиева комиссияның алдыңғы отырыстарының бірінде Елнұр Бейсенбаевтың некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты, заңға сәйкес мемлекет тіркейтін одағы ретінде Конституцияда бекіту жөніндегі ұсынысын еске салды.

«Бұл норма қазақстандық қоғамның құндылықтарына негізделген және тұрақты дамуға мүдделі кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік. Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы талап балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Мен бұл норманы қолдаймын», – деді ол.

Сонымен қатар Конституция жобасында білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітетін жаңа нормаға да ерекше көңіл бөлінген.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбие беру жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болуы тиіс. Бұл балалардың білім алуға деген құқығын толық жүзеге асыруына жағдай жасайды», – деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Реформа #отбасы #бала құқығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Кеше 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Кеше 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика