AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / "Жұмыстан кетемін": көп айтылады, бірақ неге орынд...

"Жұмыстан кетемін": көп айтылады, бірақ неге орындалмайды?

Керек кеңес 30.01.2026, 11:01 331 dulatbekova
"Жұмыстан кетемін": көп айтылады, бірақ неге орындалмайды?
Сурет: pixabay.com

Кейде ауыр жұмыс аптасынан кейін, басшылықпен болған келіспеушіліктен соң немесе демалыстан қайта оралғанда "жұмыстан кетемін"деген ой жиі айтылады. Алайда бұл ойды нақты әрекетке айналдыруға көп адам тәуекел ете бермейді. Көбіне бәрі сөз жүзінде немесе ішкі уәдемен ғана шектеледі. Бұл сөздің астарында не жатыр? Мәселенің мәнін Aqshamnews.kz тілшісі анықтап көрді.

Пирогов университетінің маманы Вера Никишинаның айтуынша, жұмыстан кету туралы ой мен нақты шешім қабылдау – мүлде екі бөлек нәрсе. Адамдар кей жағдайда "кетемін" деген сөзді өзін-өзі алдау немесе ішкі наразылықты уақытша басу үшін қолдануы мүмкін. Яғни, шын мәнінде олар жұмыстан кетуге дайын болмайды.

Маман жұмыс орнын ауыстыру туралы шешім эмоцияға негізделмеуі керегін айтады. Мұндай маңызды қадам демалыстан кейінгі күйзеліс пен мерекелік күндерден соңғы жалқаулыққа немесе бір реттік жанжалға байланысты қабылданбауы тиіс. Керісінше, адам өз жұмысын салқынқанды бағалап, оның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылап, нақты не нәрсе қанағаттандырмайтынын және жұмыс орнын ауыстыру қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсінуі қажет.

Көп жағдайда жұмыстан кеткісі келетіндей көрінетін ниеттің артында шынайы себеп жатады. Демалыс пен мереке күндері адамға кәсіби күйзелістен алыстап, тынығуға мүмкіндік береді. Алайда қайтадан жұмыс ырғағына оралу көпшілікке оңай соқпайды. Осы ішкі қарсылық пен шаршау сезімі кейде "жұмыстан кетемін" деген оймен бүркемеленуі мүмкін.

Сондықтан мамандар маңызды шешім қабылдамас бұрын өз басымдықтарыңызды айқындап, эмоция басылған соң ғана нақты қадам жасауға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психология #Шешім #жұмыстан кету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні: Алматыда қайда баруға болады?

Бүгін 10:21

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика