AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақпарат тарату құқығы басқа адамдардың құқығы мен...

Ақпарат тарату құқығы басқа адамдардың құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс – «Әділ сөз»

Әлеумет 29.01.2026, 21:28 597
Ақпарат тарату құқығы басқа адамдардың құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс – «Әділ сөз»
интернет

«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қазақстанның жаңа Конституциясында сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікті қорғау нормаларының бекітілуін жоғары бағалады. Өз пікірін ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында білдірді.

Қарлығаш Жаманқұлованың айтуынша, сөз бостандығы азаматтарға өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдау үшін қажетті объективті, толық және шынайы ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді және сонымен қатар мемлекетті жүйелі қателіктерден қорғайтын құрал ретінде қарастырылуы мүмкін.

«Сөз бостандығы Конституция преамбуласының жаңа редакциясында жарияланған құқықтың үстемдігі мен «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтаудың рәсімдік шартына айналады», – деді ол.

«Әділ сөз» қорының президенті сөз бостандығын қорғаумен қатар Конституцияның жаңа редакциясы шығармашылық еркіндікті де қорғайтынын және бұл ұғымдарды ғылыми, техникалық және көркем шығармашылықтың барлық түрлерін қамти отырып кеңейтетінін атап өтті.

«Бұл кепілдіктер зияткерлік меншікті қорғаумен қатар жүруі тиіс. Бұл әсіресе цифрлық дәуірде аса маңызды», – деді Қарлығаш Жаманқұлова.

Оның айтуынша, азаматтарға ақпарат алу және тарату құқығы беріледі, алайда бұл құқық басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне, қоғамдық мораль мен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірілмеуі тиіс.

«Мұндай шектеулер Конституция мен халықаралық құқықта танылған мақсаттар үшін ғана жол беріледі, яғни бұлыңғыр әрі екіұшты түсіндірмесіз. Цензураға тыйым салынатынын ерекше атап өткім келеді», – деді ол.

 

Сондай-ақ, Қарлығаш Жаманқұлова Конституцияда қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына қатысты ұғымдардың бекітілуі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, әңгіме тек заңдарда тікелей бекітілген нысандар жайында болуы тиіс. Бұл құқықтық белгісіздіктің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Сөз бостандығын, ой мен шығармашылық еркіндікті Конституция деңгейінде кепілдендірілген түрде қамтамасыз ету қазақстандық қоғамның өркендеуінің берік негізі», – деді ол.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);