Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады

Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады telegram.org@konstituciyalikreforma

Азаматтық қоғам мықты болмай, мемлекет те мықты болмайды. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңда тұңғыш рет «Халық кеңесі» туралы жеке бап, дербес бөлім пайда болды. Аталған құрылым жай ғана консультативтік, формальды органға айналмас үшін, 70-2-баптың редакциялық нұсқасында «Қазақстан халық кеңесі» Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады деп нақты көрсетілді. Бұл – халықтың пікірін мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне жүйелі енгізуге арналған саяси институт. Яғни, жоғары консультативтік органның мүшесі болып табылатын кез келген Қазақстан азаматы заң шығару бастамасын көтере алады. Бұл — азаматтарға берілген нақты конституциялық мүмкіндік», – деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, Халық кеңесінің маңызы арта түседі. Ол жаңа саяси алаңға, мемлекеттік шешімдерге ықпал ететін орталыққа айналады. Ең бастысы – Халық кеңесі толықтай ашық құрылым болады және оған кез келген азаматтың, барлық этностардың, кәсіпкерлердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мақсаты – мықты институттарға сүйенетін мемлекет қалыптастыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:32

16:24

16:13

15:56

15:46

15:33

15:21

15:11

14:51

14:36

14:20

14:10

13:26

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43