AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қоғамдық көлікте 4,1 млн теңге ұрлаған әй...

Алматыда қоғамдық көлікте 4,1 млн теңге ұрлаған әйел ұсталды

Заң мен тəртіп 30.01.2026, 09:52 624
Алматыда қоғамдық көлікте 4,1 млн теңге ұрлаған әйел ұсталды
Cурет: Polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ұрлық жасады деген күдікпен әйел адамды ұстады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Тергеу барысында күдіктінің таңертеңгі уақытта автобус ішінде жолаушының сөмкесінен жасырын түрде ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты.

– Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бары толық дәлелденді. Тінту кезінде ұрлық фактісін растайтын заттай дәлелдемелер, оның ішінде ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің кінәсі қоғамдық көлік салонында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен де дәлелденіп отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қоғамдық көлікте жүргенде жеке мүлкіне аса мұқият болуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоғамдық көлік #ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Корея орман саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Бүгін 16:24

Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде су беру уақытша тоқтатылады

Бүгін 15:58

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

Бүгін 15:25

Қала күніне орай 1000 жас суретші бір мезетте Алматыны бейнелейді

Бүгін 15:07

Алматыда Қала күніне орай танымал стрит-арт суретшілер қатысатын арт-фестиваль өтеді

Бүгін 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);