AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Өскеменде ауа қауіпті деңгейге жетті: мектептер он...

Өскеменде ауа қауіпті деңгейге жетті: мектептер онлайнға көшті

Шешім 30.01.2026, 10:50 634
Өскеменде ауа қауіпті деңгейге жетті: мектептер онлайнға көшті
Сурет: freepik.com

Өскемен қаласында үшінші күн қатарынан ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайларының екінші дәрежесі сақталуына байланысты мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқыту форматына көшті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеген.

Қабылданған шешімге сәйкес, 30 қаңтардан бастап бірінші және екінші ауысымда білім алатын оқушылар онлайн форматта оқиды. Мұндай шара балалардың денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында қабылданған.

Мамандардың айтуынша, қолайсыз ауа райы жағдайында зиянды ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабатында ұзақ уақыт сақталып, қаладағы ауа сапасының нашарлауына әкеледі. Бұл әсіресе балалардың тыныс алу жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ең басты басымдық – оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы. Осыған байланысты мектеп оқушыларын уақытша қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды, - деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.

Бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақтар онлайн режимде өткізіліп, білім беру үдерісі толық көлемде жалғасуда. Сонымен қатар ата-аналардан қаладағы ауа сапасы жақсарғанға дейін жауапты қызметтердің ресми хабарламалары мен мамандардың ұсыныстарын қатаң сақтау сұралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лас ауа #өскемен #онлайн оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Кеше 21:45

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед әл-Наһаянмен кездесті

Кеше 20:33

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі

Кеше 19:11

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Кеше 18:32

Тоқаев Нью-Дели қаласына келді

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);