AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Mansap Kompasy платформасында 116 мыңнан астам оқу...

Mansap Kompasy платформасында 116 мыңнан астам оқушы кәсіби бағдарлау тестілеуінен өтті

Әлеумет 30.01.2026, 09:04 431 dulatbekova
Mansap Kompasy платформасында 116 мыңнан астам оқушы кәсіби бағдарлау тестілеуінен өтті
Сурет: Gov.kz

2025 жылы Mansap Kompasy платформасында жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысына бағытталған кәсіби өзін-өзі айқындаудың цифрлық құралы енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша платформада 7–11-сыныптардағы 116,5 мың оқушы тестілеуден өтті.

Пайдаланушының белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтауға мүмкіндік беретін бұл цифрлық құрал Жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Тест тұлғаның қызығушылықтары мен бейімділігін бағалаудың халықаралық әдістемелерін қолдана отырып жасалған. Тестілеуден өткеннен кейін жүйе нәтижелерді автоматты түрде талдап, пайдаланушыға мамандықтар бойынша жеке ұсынымдар қалыптастырып ұсынады, сондай-ақ тиісті мамандықтар мен дағдыларды меңгеру мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.

Жоба мемлекеттік органдар мен салалық мамандардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы негізінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның қатысуымен іске асырылуда.

«Mansap Kompasy білім алушыларға кәсіби диагностика мен мансапты жоспарлау құралдарын ұсынып, алдағы білім беру және кәсіби траекторияны саналы түрде таңдауға көмектеседі», – деп атап өтті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Ернат Жүнісов.

Алдағы уақытта жыл сайын кемінде 100 мың мектеп оқушысы тестілеуден өтіп, ұсынымдар алмақ. Осы мақсатта өңірлік үйлестірушілер мен кәсіби бағдар беруші педагогтар оқытылып, пайдаланушыларды сүйемелдеу ұйымдастырылды, сондай-ақ өңірлер мен білім беру ұйымдары бөлінісінде нәтижелерді мониторингтеу және талдау жүйесі енгізілді.

2026 жылы оқушыларды қамту аясын кеңейту және құралды білім беру ұйымдарында қолдануды ауқымдандыру жоспарланып отыр.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Mansap Kompasy #платформа #кәсіби бағдар беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 18:06

Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты

Бүгін 18:04

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);