конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының бизнес-қауымдастығы: «Екпе – еңбек ұжымы...

Алматының бизнес-қауымдастығы: «Екпе – еңбек ұжымын қорғаудағы ең дұрыс шешім»

Әлеумет 19.08.2021, 14:51 1,564
Алматының бизнес-қауымдастығы: «Екпе – еңбек ұжымын қорғаудағы ең дұрыс шешім»
24.kz

Алматы қаласының кәсіпкерлері егер ұжымдық иммунитет болмаса, онда бизнес үнемі локдауннан және қатаң шектеу шараларынан зардап шегеді деп есептейді. Сондықтан олар кәсіпкерлерге – өздерін және қызметкерлерін екпе алуға үндеу жолдады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі қаланың кәсіпкерлер палатасымен және медициналық ұйымдармен бірлесіп көшпелі егуді ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуде. Осылайша, жаппай вакцинация басталғалы бері ұйымның еңбек ұжымдарына  50-ден астам көшпелі кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мобильді топтар кәсіпорындарға барып, вакциналанудың маңызын түсіндіруде.


RG Brands компаниясының басшысы Қайрат Мәжібаевтың айтуынша, саяси, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарға қарамастан, барлық елдер COVID-19-бен күресуде және вакцинация негізгі факторлардың бірі болып табылады.



 «Бүкіл әлем COVID-19-ға қарсы күреске бірікті, бұл нарықтық фактор, нарықтың өзгеруі. Біз, кәсіпкерлер, COVID-19 бизнес үшін ұзақ мерзімді  кері тұрақты факторға айналмауы үшін вакциналану қажет. Қазір компания басшылығының басты міндеттерінің  еңбек ұжымын қорғау. Сонымен қатар, менеджер ретінде қызметкерлердің үздіксіз жұмыс жасауы,жайлы жағдайды қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан, екпе салдыру еңбек өнімділігін арттырып қана қоймайды, деніміздің сау әрі айналамыздың аман болуының басты факторына айналады», - деді Қайрат Мәжібаев.



Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтің айтуынша, вакцинация алу аса қажет. Кәсіпорындарда жаппай вакцинация бірінші кезекте ұжымдық иммунитетті алу үшін қажет, себебі бұл бизнеске тікелей әсер етеді.



 «Егер адамдардың бәрі сау болса, онда олардың барлығы жұмысқа толық кірісе алады. Егер бизнеске шектеу қойылмаса, ел экономикасы дамып, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетеді. Меніңше, вакцинация – бұл орын алған жағдайдан шығудың жолы», - дейді Максим Барышев.



Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, кәсіпкер және қоғам қайраткері Райымбек Баталов вакцинаны өзі алды, оның отбасы да оның үлгісін ұстанды.



 «Біз халықтың 70-75%-дан астамы вакциналанбаған кезде ұжымдық иммунитет болмайтынын және біз бизнес ретінде үнемі локдаун мен шектеулерден зардап шегетінін түсінеміз. Екпе салдыру инфекцияның таралуын тоқтатады, өзара байланысқа жол ашады, қалыпты өмірге қайта оралумызға мүмкіндік береді. Сондықтан бәріміз бірігіп, саналылық танытып, вакциналансақ, қауіпті пандемияны сөзсіз жеңеміз», - деді Райымбек Баталов.



Бүгінде Алматыда жалпы 1 ақпаннан 18 тамызға дейінгі  аралықта 828 376 адам I компонентпен, 655 235 адам II компонентпен егілді. Өткен тәулікте 5 153 адам бірінші компонентпен, ал 6276 адам екінші компонентпен вакциналанды.


Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-да 160 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #Алматы #екпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Бүгін 19:58

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

Бүгін 19:54

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);