AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық соғыс ардагері 101 жасқа толды

Алматылық соғыс ардагері 101 жасқа толды

Әлеумет 28.12.2023, 12:15 1,334 Almaty-akshamy.kz. 
Алматылық соғыс ардагері 101 жасқа толды
Сурет: gov.kz

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітовті 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады.


Сталинград шайқасында қан төккен қарт майдангер Белоруссия мен Польшаны жаудан азат еткен. Берлинге жетіп, Потсдам көшелерін минадан тазартуға қатысқан, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қонақтарға ризашылығын білдірген туған күн иесі жастарға ақ батасын берді.



 – Бізді ұмытпағандарыңа рахмет. Егде жастағы адамдар үшін мұндай кездесулер мереке. Еліміздің гүлденуін, қазақстандықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруін армандаймын. Ал болашақ офицерлерге генерал болып, Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуді тілеймін, – деді Зұлхарнай Сейітов.



Ардагер 1922 жылы 27 желтоқсанда Омбы облысы, Жаңа Қыпшақ ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Свердловск облысындағы Туринск қаласына әскери іс бойынша оқуға жіберіледі. Сол жылы ол Ленинград майданына аттанып, онда 2-ші екпінді армия құрамында басқыншылармен шайқасты.


Кейіннен сапер курстары бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Диверсанттар мен тәртіп сақшыларының маңызды жауынгерлік жұмысын атқарған қызметтік иттермен ол Сталинградтан Белоруссия мен Польша арқылы өтіп, Берлинге жасалған шабуылға қатысады.


Майдангердің жауынгерлік еңбегі «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.


Соғыстан кейін Зұлхарнай Сейітов Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, Қазақстанға жіберіледі. Мұнда ол биология ғылымдарының докторы және академик болды. Әріптестерімен бірге «Қазақ бальзамы» және «Алтынсу» емдік сусындарын әзірлеуге қатысты. Қымыз, шұбат, бие және түйе сүтін құрғақ дайындау технологияларын жасады.


Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зұлхарнай Сейітов 150-ден астам ғылыми жұмыстар мен монографиялардың, 14 патент пен 8 авторлық куәліктің, 10 оқу құралының, оның ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Биохимия» оқулығының авторы. Оның көптеген әзірлемелері мен жаңалықтары бүгінде медицинада да, тамақ өнеркәсібінде де кеңінен қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соғыс ардагері #Зұлхарнай Сейітов #туған күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);