Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда студенттерді қолдау үшін дағдарыс орталығ...

Алматыда студенттерді қолдау үшін дағдарыс орталығы құрылады

Барлығы 01.07.2025, 16:48 800
Алматыда студенттерді қолдау үшін дағдарыс орталығы құрылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының ректорымен кездесті. Жаңа оқу жылына дайындық, жастар тәрбиесі, жатақханадағы жағдай, экологиялық білім беру және ғылымды дамыту жайы талқыланды.

Бүгінде Алматыда еліміздің барлық жоғары оқу орнының үштен бірі шоғырланған, онда 200 мыңнан астам студент оқиды. Бұл қаланың жоғары зияткерлік әлеуетін қалыптастырады әрі қала билігінің жүйелі қолдауын қажет етеді.

«Біз әкімдік тарапынан студенттердің жатақханада тұрып оқуына жағдай жасауға тырысамыз. Ең бастысы, бәріміз бірге – әкімдік, жоғары оқу орындары мен қоғам жастарды тәрбиелеуге, олардың бойына еңбек мәдениетін сіңіруге, жауапкершілікті, қалаға деген құрметті қалыптастыруға тиіспіз», - деді Дархан Сатыбалды.

Кездесу барысында қала басшысы әкімдік жанынан ғылым және технологиялар жөніндегі Қалалық кеңестің құрылғанын еске салды. Кеңес құрамына университет өкілдері кіреді.

«Алматының ғылым арқылы дамуына ықпал ететін идеяларды іске асыру - біздің ортақ міндетіміз», - деді әкім.

Алматының түркі мемлекеттері жастарының астанасы мәртебесіне ерекше назар аударылды. Жыл аясында жоғары оқу орындарының қолдауымен мәдени және білім беру іс-шаралары өтеді.

«Мұндай мәртебеге ие болу жоғары құрмет пен үлкен жауапкершілік. Бұл миссияны бәріміз бірге лайықты жүзеге асырып жатқанымызға сенімдімін», - деді әкім.

Ректорлар білім беруді жаңғыртудан бастап экологиялық бастамаларға қатысуға дейінгі мәселелер бойынша баяндама жасап, ой-пікірін білдірді. Студенттік кампустардағы жағдайды жақсарту, инженерлік және педагогикалық білім беруді дамыту, жастардың халықаралық және қалалық жобаларға қатысуы жөнінде ұсыныстар айтылды.

Студенттердің өмір сүру шарттары жеке блокта талқыланды. Әкім жатақханалардың жағдайын тексерудің бірінші кезеңі басталғанын, екінші кезең тамыз айына жоспарланғанын айтты. Білім беру жұмысын ұйымдастыру және студенттердің қалалық бастамаларға қатысуы маңызды бағыт болып танылды.

Әкім студенттерге қолдау білдіретін дағдарыс орталығын, сондай-ақ қалада ахуалдық орталықты іске қосу жоспарлары туралы айтты. Бұл орталықтар студенттер өтінішіне дер кезінде назар аударып, әлеуметтік қатердің алдын алады.

«Студенттер қала өміріне атүсті емес, жүйелі түрде - сенбіліктен бастап қоғамдық бастамаларға дейін қатысуға кеңінен тартылуы керек. Сол кезде жауапты әрі белсенді ұрпақ қалыптастыра аламыз», - деп сөзін түйіндеді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #Дағдарыс орталығы #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика