Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда симфонияның тұсаукесері өтті

Алматыда симфонияның тұсаукесері өтті

Мәдениет 24.09.2021, 16:01 877
Алматыда симфонияның тұсаукесері өтті
Сурет: Youtube.com

«Марсқа сапар» симфониясының әлемдік премьерасы көрсетілді.


Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында жаһан жұртының назарын аударған симфонияның тұсаукесері өтті. «Марсқа сапар» деп аталған халықаралық деңгейдегі мәдени жоба тың әдістерді тұңғыш рет қолданып, әлемдік жаңашылдық орнатты. Көпшілік көз тіккен премьераның Қазақстанның мәдени астанасы Алматыда өтуі де атап өтерлік жайт, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Алғашында премьера Біріккен Араб Әмірлігінде өтеді деп жоспарланыпты. Оған басты себеп – «Марсқа сапар» мәдени жобасын бірнеше мемлекеттің композиторлары бірігіп жазған еді. Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Тунис, Үндістан және Біріккен Араб Әмірлігі өнерпаздарының басын қосқан кештің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – белгілі скрипкашы, Алматы қаласының тумасы Марат Бисенғалиев. Әлемге әйгілі виртуоздың арнайы келгенін өнерсүйер көпшілік те қуана қабылдады. Әрі аталған симфония тұсаукесерінің дәл Алматыда өтуі де шаһардың шырайы мен әлемдік сахнадағы мәртебесін асқақтата түскендей.



«Мына премьераның ашылуы ғана емес, музыкалық жанрлардың, музыкалық эффектілердің жаңалығы деп айтсақ болады. Себебі, мына жақта музыкалық жанр деп отырғаным, төрт композитор бір симфонияны жазды дегеннің өзі бұл үлкен жаңалық музыка әлемінде. Ал екінші жаңалығымыз, біз алғашқы болып әлем бойынша квадроэффект дегенді қолданайын деп жатырмыз», – деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Серік Нұрмолдаев.  



Ал әлемдік өнер әлеміндегі виртуоз дәл осы іс-шараның өзі туған ару Алматыда өткеніне қуанышты. Жаһан композиторларының шығармашылығынан шыққан дүние бүгін мәдени астананың аспанында қалықтайды дейді скрипкашы.  



«Егер сіз бүгінгі симфонияны әлеуметтік желіден немесе телеарна арқылы көретін болсаңыз, біздің әлем бойынша алғашқы боп қолданған эффектімізді байқай алмайсыз. Бұл ғажайыпты құлақпен естіп, жүрекпен сезіну керек. Сондықтан да «Марстағы миссия» деп атап отырмыз. Бұл, расында, аса ғажап дүние болады», – дейді виртуоз-скрипкашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев.



Санитарлық талаптар ескерілген кеште қонақтардың арақашықтық сақтауы концертті қоюшыларға да аса тиімді болды. Себебі, квадроэффект, яғни ауада әуеннің қалықтауы тікелей залдағы құрылымға қатысты еді. Ал бас дирижер Марат Бисенғалиевтің музыканы көрермендерге қарап сүйемелдеуі де симфониялық премьерадағы ерекшеліктердің бірі болды. Әр өнерпаз айрықша үлес қосқан музыкалық туындыға дайындалу, әрине, қиынға соқпады.


Музыкалық бағдарламаның екінші бөлігінде тыңдарманға әйгілі ағылшын композиторы Карл Дженкинстің туындылары ұсынылды. Сондай-ақ, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері де орындалды.


Айта кетейік, аталмыш әлемдік кеш тікелей Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының қолдауымен өтіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Алматы #Филармония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 75,97 жасқа жетті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, тұман...

Бүгін 08:34

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Кеше 17:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика