Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалады. Сонымен қатар, вакцинацияланбаған балалар мен вакцинация мәртебесі белгісіз ересектер арасында қызылшаны тіркеу жалғасуда.
Мұндай деректерді Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келтірді, деп хабарлайды akshamnews.kz
Алматы қаласында ағымдағы жылдың басынан бастап 24 шілдені қоса алғанда қызылшаның 3289 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2034 жағдай (61,8%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 168 (5,1%) және ересектер арасында – 1087 (33%).
Балалар арасындағы аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен болып табылады, сондай-ақ вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеледі.
Қызылша – бұл ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын құрамында РНҚ вирусы бар жедел респираторлық жоғары жұқпалы вирустық ауру.
Ауру науқас адамнан сау адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарынан тамшылармен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болғанда жұғады.
Қызылшаны жұқтырған адам инкубациялық кезең аяқталғанға дейін 2 күн бұрын (яғни алғашқы клиникалық белгілер пайда болғанға дейін) басқаларға жұқпалы болады және бөртпе пайда болғаннан кейін 5 күн ішінде (пневмония болған жағдайда 10 күнге дейін) басқаларға жұқпалы болып қалады.
Қызылша – адамдар үшін аса контагиозды жұқпалардың бірі, өйткені инфекция көзімен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың 90%-дан астамы ауырады.
Қызылшаны жұқтыруды, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 2 рет, біріншісі – 1 жаста (12-15 ай), екіншісі – 6 жаста жүргізіледі, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді.
2023 жылғы 10 қараша мен 2024 жылғы 24 шілденің аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 162 986 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 13 214 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 80 042, медицина қызметкерлері – 8676 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған (вакцинация курсы толық емес) толықтыра иммундау бойынша 61 054 бала.
Сонымен қатар, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкеснысаналы топтағы балаларына қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау жалғасуда: 1 жаста (12-15 ай) вакцинация және 6 жаста ревакцинация.
Бұдан басқа, бұрын қызылшаға қарсы егілмеген басқа жастағы (18 жасқа дейінгі) балалар аумақтық емханада қуып жететін иммундау бойынша екпе ала алады.
Қазіргі уақытта қалада ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар.
Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.
Оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары қызылшаны жұқпалы және қызылша инфекциясынан кейінгі ықтимал асқынуларымен қауіпті екенін еске салады. Аурудың ауыр ағымында асқынулар дамиды, мысалы, ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтың қабынуы, сондай-ақ мидың қабынуы. Көбінесе асқынулар бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде дамиды. Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит (мидың ісінуіне әкелетін инфекция), ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы (отит) және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының инфекциялары жатады.
Аурудың белгілері пайда болған кезде келесі қағидаларды қатаң түрде ұсынылады:
- өзін-өзі емдеумен айналыспау, дәрігерді үйге шақырып және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу;
- үйде болу, жұмыс және оқу орындарына, сондай-ақ қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар орындарына бармау. Әсіресе, амбулаториялық емделіп жатқан науқастар үйде оқшаулауды қатаң сақтауы керек;
- ауырған балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге, МДБҰ-ға, т.б жібермеу.
Қызылшаға қарсы вакцинация – қызылшаны жұқтыруды, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал.
Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді!