Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылд...

Алматыда халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Білім және ғылым 12.04.2025, 11:48 1,233
Алматыда халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
Сурет: Қайрат Қонысбаев

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні.  Әрі Қаныш Сәтбаевтың туғанына 126 жыл толуына орай Сәтбаев университетінде ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға Қаныш Имантайұлының ұрпақтары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев және өзге де ғалымдар қатысты.

-Бүгін біз Қаныш Имантайұлының ұлтқа сіңірген еңбегін ұлықтап, тағзым ету үшін жиналып отырмыз. Бұл - ғылымның ғана емес, тұтас елдің ортақ мерекесі. Жақында бір үлкен жиында ақсақалдарымыздың бірі Қаныш Сәтбаевтың ел экономикасына қосқан  үлесі туралы айтты. Оның есебі бойынша, академиктің бастамасымен ашылған пайдалы қазбалар елімізге шамамен 200 миллиард доллар көлемінде табыс әкелген екен”- деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ол сонымен қатар Мемлекет басшысының жоғары оқу орындары негізінде ғылымды дамыту тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан жұмыстармен қысқаша таныстырды. Әрі Президент атап өткен жоғары оқу орындарын зерттеуші форматқа көшіру бағытында Сатбаев университетінің жемісті нәтижелеріне тоқталды. 

Саясат Нұрбектің айтуынша соңғы екі жылда университетте 20-дан астам жоғары деңгейлі зертхана ашылып, зерттеуші мәртебе берілген қосымша 20 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру тартылған. Нәтижесінде, осы зертханалар 2,5 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған. Сонымен қатар, 1 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасалып, жеке сектордан 1,5 миллиард теңге инвестиция салынған. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жиындағы сөзінде Астанада Сәтбаев университетінің филиалы ашылатынын хабарлады. Бұл жаңа оқу орны еліміздің техникалық білім беру саласын кеңейтіп, жастарға сапалы білім алуға жол ашпақ. 

Іс-шаралар легі аясында ғылым мен инновацияны біріктіретін маңызды бастама жүзеге асты. Университетте жетілдірілген функционалдық материалдар бағытында Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. 
 «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект: процестерді оңтайландыру және автоматтандыру шешімдері» тақырыбында халықаралық Satbayev International Conference 2025 конференция өтті.  Академик Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оның 10 томдық ғылыми еңбектері жинағының тұсауы кесілді. Пленарлық отырыста отандық ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар марапатталды. 

ҚР Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев: 

“Ғылымды дамытпасақ, мемлекетте де өзгерістер болмайды. Ғылым – бір күнде нәтиже беретін сала емес, оған уақыт пен жүйе қажет. Ол үшін академия мен министрлік тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Жақында Мемлекет басшысы бірқатар әріптестерімізді марапаттады. Сол жиында ғылыми-зерттеу университеттерінің маңызын атап өтті. Қазір Қазақстанда он ғана ғылыми-зерттеу университеті бар.  Сәтбаев атындағы техникалық университет – ғылым мен білімнің қара шаңырағы. Осындай жоғары оқу орындарының саны артса, еліміздің ғылымы да жаңа деңгейге көтеріледі”,-деді. 

Сана Қанатбекқызы, Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жетекші ғылыми қызметкері, профессор:

-Жаңа зертхана — ғылым мен өндірісті байланыстыруды мақсат еткен инновациялық алаң.  Халықаралық мәртебесі бар орталықта әлемнің жетекші ғалымдарымен тығыз әріптестікте жұмыс істейміз. Мақсатымыз - зерттеу жұмысымызды өндірістік өнімге дейін жекізу. Қазақстан – ауыл шаруашылығы дамыған ел, сол себепті күнбағыс, күріш, мақта сияқты дақылдардан қалдық көп шығады. Біз  органикалық қалдықтарды қайта өңдеп, химия өндірісіне, медицина, ауыл шаруашылығы және экология саласына қажетті функционалды материалдар дайындаймыз. Мысалы, қуаңшылық кезеңінде жаңбырдың суын өзінің бойына жинап алады да, қажет кезінде береді. Екіншіден, жеміс-жидектерді қаптайтын, жеуге жарамды экологиялық таза пленка үлгілері дайындалуда. Осы әдіс шетелден келетін зиянды қоспаларға тәуелділікті азайтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ғылыми-зерттеу орталығы #ғылым қызметкерлері күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика