AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда экстремизмнің алдын алу шаралары күшейтіл...

Алматыда экстремизмнің алдын алу шаралары күшейтілді

Барлығы 23.09.2025, 17:35 592 dulatbekova
Алматыда экстремизмнің алдын алу шаралары күшейтілді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы мен Жетісу облысына қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесіне экстремизм мен терроризм үшін сотталғандармен жұмыс істеуге арналған заманауи техникалық жабдықтар табысталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жабдықтар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (УНП ООН) мен АҚШ елшілігінің өкілдері қатысқан сапар аясында берілді. Делегация құрамында АҚШ үкіметінің терроризмге қарсы күрес жөніндегі бюросының аймақтық кеңесшісі Теодор Крейг, АҚШ елшілігінің өкілдері Джереми Андерсон мен Сесилия Чо, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы бағдарламалық кеңсесінің басшысы Мадина Сариева болды.

Қазақстан тарапынан ҚАЖК төрағасының орынбасары Жанибек Баймағанбетов, Оперативтік басқарма бастығының орынбасары Даулет Әбраев, Режим, қадағалау және күзет басқармасы бастығының орынбасары Ержан Жұмаділов, УВСПРСО-ның бас маман-психологы Людмила Игнатенко және ҚАЖ департаментінің бастығы Рысбек Тұрғымбаев қатысты.

ҚАЖ комитетінің мәліметінше, бұл шара қауіпсіздік деңгейін арттыруға, алдын алу жұмыстарының жаңа тәсілдерін енгізуге және экстремистік әрі террористік бағыттағы қылмыс жасағандармен жұмыс істейтін мамандарды қолдауға бағытталған.

– Халықаралық серіктестермен осындай ынтымақтастық қылмыстық-атқару жүйесінің әлеуетін арттырып, экстремизмнің алдын алуға септігін тигізеді, – деді ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Ж. Баймағанбетов.

Бұл жабдықтардың табысталуы – Қазақстанның қауіпсіздік пен радикалданудың алдын алу саласындағы халықаралық ұйымдармен әріптестігінің дамуына жасалған тағы бір нақты қадам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экстремизм #алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);