AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондары С.Тәшкенб...

Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондары С.Тәшкенбай мен А.Оралбайға 30 млн теңгеден берді

Спорт 24.09.2025, 10:03 543 dulatbekova
Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондары С.Тәшкенбай мен А.Оралбайға 30 млн теңгеден берді
Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында әлем чемпионатында медаль алған боксшыларды құттықтағанын жазды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазған. 

«Астаналық спортшыларымыз Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медальдар жеңіп алды.

Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар алғаш рет 2023 жылы 19 жасында 48 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионатын жеңіп алған еді, екі жылдан кейін бұл жетістігін Ливерпульде 50 кг салмақта қайталап отыр.
Айбек Оралбай өз есімін Қазақстан спорты тарихында алтын әріптермен жазды. Ол әлем чемпионатында суперауыр салмақта ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды.

Нәтижесінде еліміз жалпы есепте бірінші орынға шығып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Спортшыларымыз намысты қолдан бермей, керемет нәтиже көрсетті. Олар өз үлгісімен еңбектің, тәртіптің және өзіне деген сенімнің үлкен жетістіктерге апаратынын көрсетті. Бұл жетістіктерге бапкерлерінің де қосқан үлесі зор.

Астана ылғи да спортты қолдап, талантты спортшыларымыздың дамуына жағдай жасап келеді. Мәселен, қаламызда Боксты дамыту орталығы бар, ал биыл Бекзат Саттарханов атындағы Спорт кешені пайдалануға берілді.

Сіздерді осы жеңістеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Алда сіздерге үлкен табыстар, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс чемпиондары #Астана әкімдігі #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);