Алматыда мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізуші ұсталды

Алматыда мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізуші ұсталды Сурет: Polisia.kz

"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу шарасы аясында Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері жүк көлігін мас күйінде басқарған жүргізушіні анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны расталып, ол заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Мас күйде көлік басқару — жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін заңбұзушылық. Мұндай әрекеттерге тосқауыл қою — біздің басты міндетіміз. Әрбір құқықбұзушы жазасыз қалмайды», — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:41

21:25

19:35

19:33

17:57

17:55

17:54

17:50

17:47

17:42

17:37

17:10

17:07

16:50

16:36

16:25

16:04

15:59

15:42

15:34

15:17

15:01

14:51

14:43

14:32