Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ұшақ рейсі кешіксе, не істей аламыз?

Ұшақ рейсі кешіксе, не істей аламыз?

Мұны білген жөн 24.09.2025, 10:02 443
Ұшақ рейсі кешіксе, не істей аламыз?
depositphotos.com

Ұшақтың кешігуі үнемі қолайсыздық тудырады. Мұндайда жолаушы өтемақы талап ете ала ма? Бұл үшін қандай заңдарға сүйенуге болады? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Қазақстандағы ережелер

Қазақстанда жолаушылар құқығы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңымен қорғалады. Заңның 86-бабында кешігуге байланысты нақты талаптар көрсетілген:

  • 2 сағаттан артық күтсеңіз, 2 рет тегін қоңырау шалуға немесе 2 хабарлама жіберуге құқығыңыз бар;

  • Балалары бар аналарға арнайы бөлме берілуі керек; 
  • 4 сағаттан асса, тамақ берілуге тиіс (күндіз әр 6 сағат сайын, түнде әр 8 сағат сайын);

  • күндіз 8 сағаттан, түнде 6 сағаттан артық күткенде қонақ үймен қамтамасыз ету міндетті;

  • рейс 5 сағаттан аса кешіксе, ақшаны толық қайтаруды немесе басқа рейске тегін билет алуды таңдай аласыз.

Барлық шығынды әуе компаниясы өзі көтереді. Егер олар міндетін орындамаса, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе Азаматтық авиация комитетіне шағымдануға болады.

Жалпы рейстер неге кешігеді? 

Рейстер бірнеше себеппен кешігуі мүмкін:

  • ауа райының қолайсыздығы (қатты жел, тұман, боран және басқалары);
  •  аяқ астынан туындаған және алдын алу мүмкіндігі жоқ техникалық себеппен, оған ұшақты ауыстыру да жатады;
  • кейде бір ұшақтың кесірінен одан кейінгі рейстер бірінен кейін бірі кешігеді.
  • Жолаушылардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмеу үшін жүргізілетін жұмыстардан да кешігу болады.
  • Кейде жолаушы ұшаққа мініп, кейін ұшудан бас тартуы мүмкін.
  • Әуе компаниясы ұшу кестесінің жоспарлы және жоспардан тыс өзгеруі мүмкін.

Еуропадағы ережелер

ЕО елдерінде және оған қосымша бірқатар аумақта №261/2004 регламенті мен Монреаль конвенциясы қолданылады.

  • 1500 шақырымға дейінгі қашықтықта — 2 сағаттан кешіксе, тегін тамақ пен сусын беріледі;

  • 1500–3000 шақырым — 3 сағаттан соң қызмет көрсетіледі;

  • 5 сағаттан артық кешіксе, билет құнын қайтарып алуға немесе басқа рейске ауысуға болады.

Сонымен қатар, 125-тен 600 еуроға дейін өтемақы талап етуге мүмкіндік бар.

АҚШ, Азия және Африка

Бұл аймақтарда бірыңғай заң жоқ, бәрі тасымалдаушының ережесіне байланысты.

  • АҚШ-та тек бір талап бар: рейс 2 сағаттан кешіксе және жолаушылар ұшақ ішінде отырса, су мен тамақ берілуі керек.

  • Азия мен Африкада да заңдар елге қарай өзгереді, көп жағдайда компанияның өз саясаты шешуші рөл атқарады. Сондықтан билет аларда әуе компаниясының беделін, кешігу тарихын алдын ала қарап шыққан жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #рейс #кешігу #құқық #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика