Қазіргі уақытта 13460 алматылық жұмыссыз ретінде тіркелген.
Қалалық жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп тұрады. Жыл басынан бері 28 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 8 мыңнан астам адам қатысқан, оның ішінде 1000-ға жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Алматы тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
«Жастар тәжірибесі 29 жастан асқан білім беру ұйымдарының түлектері арасынан алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі 12 айдан аспайтын жұмыссыздарға арналған. Еңбекақыны Жұмыспен қамту орталығы төлейді. Бұл 122 520 теңге. 2022 жылы 1000 адамды қамту көзделген», - деді Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры.
Айта кетейік, Жастар тәжірибесінің ерекшеліктерінің бірі - қатысушының жалақысын ай сайын мемлекет төлеп отырады. Ал биыл жобаға қатысушылардың жалақысы өсті. 2021 жылы жалақы 35 АЕК (102 095 теңге) болса, осы жылы 40 АЕК (122 520 теңге) жетті. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы ай сайын тұрақты түрде төлеп отырады. Зейнетақысы мен сақтандыруы қоса жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, оған да рұқсат етілген.
Бағдарламаға қатысқысы келген азамат Жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, өтініш беруі керек. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Бағдарлама арқылы мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін жұмысқа орналасуға болады. Сондай-ақ қатысушы қай мекемеде тағылымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдіре алады. Бағдарлама бүкіл Қазақстанды қамтиды.
Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, өңірде 2021 жылы жастар практикасына 1 491 адам жіберіліп, оның 537-сі жұмысқа қабылданған. Ал 2022 жылы қазіргі кезең бойынша жастар практикасымен 279 жұмыс істеп жүр.
Сонымен қатар «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы да еңбек тәжірибесі жоқ жастар үшін жасалған үлкен мүмкіндік болып отыр.
«Қазіргі уақытта оқу орындарын бітірген түлектер үшін жастар тәжірибесі айтарлықтай қолдау болып тұр. Оларды еңбек өтілі болмағандықтан жұмысқа алмайды. Сондықтан 29 жасқа дейінгі жастарға, оның ішінде еңбек өтілі жоқ NEET санатындағы жастарға 18 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын құруды көздейтін «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы іске қосылды. Мұнда да еңбекақы жұмыспен қамту орталығы арқылы төленеді. 30 АЕК немесе 91 980 теңге»,- дейді Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры.
Ал қаламызда ашылған «Ұрпақтар үндестігі» жобасы 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған, жасы 29-дан аспаған білім беру ұйымдарының түлектеріне 6 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын ашады.
«Алматылықтардың аға буынына келетін болсақ, олар үшін «Күміс дәуір» жобасы бар. Ол зейнеткерлік жастағы жұмыссыздар үшін 12 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын құруды көздейді. Жалақының бір бөлігін Жұмыспен қамту орталығы өтейді (еңбекақыдан 50%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды). 2022 жылы 633 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, қазіргі уақытта жұмыс берушілер тізімі жасалуда»,- деді Диляра Иманқұлова.
Бүгінгі күні 13460 алматылық тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген.
Ал қаладағы жұмыссыздардың жұмысқа орналасуда қалай көмек ала алатыны, оларға бәсекеге қабілетті түйіндеме жасауға және лайықты бос жұмыс орнын табуға қайда көмек көрсетілетіні туралы Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев баяндады.
Оның айтуынша, биылғы жылы25 221 адам жұмысқа орналасқан.
Спикердің айтуынша, бүгінгі күні жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 4306-дан астам бос жұмыс орындарын орналастырған. Ағымдағы жылдың басынан бері 25 221 адам жұмысқа орналасса, оның 13 343-і тұрақты, 11 878-і уақытша жұмысқа орналастырылды.
«Азаматтар мен жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 2018 жылдан бастап қызметтерді электронды форматқа көшіруді жүзеге асыру басталды. Бүгінгі күні барлық қызметтер онлайн түрде көрсетіледі, бұл өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алу, жұмыс беруші үшін бұл бос жұмыс орындарын жариялау, кадрларды іріктеу, белсенді шараларға қатысуға өтініш беру, әр түрлі құжаттарды ұсыну. жұмыспен қамту туралы есеп беру», – дейді С.Кенжебаев.
Жұмыспен қамту орталығының директорының айтуынша, ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап 2023 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарына қатысқысы келетін жұмыс берушілердің өтініштерін қабылдау басталған. Сондай-ақ спикер азаматтардың жекелеген санаттарын квота бойынша жұмыс орындарына (квота бойынша мүгедектер – 2171, тұрақты жұмыс орындарына – 223, пробация қызметі мен бас бостандығынан айыру орындарында есепте тұрғандар – 23, жетім балалар – 2, әйелдер – 12815 , жастар – 8768, алимент бойынша берешегі бар азаматтар – 15) жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
«Жұмыс іздеушілерді тарту мақсатында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп стихиялық «еңбек биржаларында», базарларда, халық көп жиналатын орындарда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Алтын Орда» әмбебап базары ауданындағы «Барлық», «Барахолка», «Сары Арқа», Шолохов көшесі бойындағы «Алматы 1» сияқты базарлар қамтылды», – деді С.Кенжебаев.
Кездесулер барысында жұмыс іздеушілерге кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, бос тұрған жұмыс орындары ұсынылды, Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысу мүмкіндіктері бойынша түсіндірмелер беріледі, жұмысқа орналасуға және мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетіледі.