AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет митралды клапанды эндоваскулярл...

Алматыда алғаш рет митралды клапанды эндоваскулярлық клиптеу операциясы сәтті жасалды

Медицина 09.10.2024, 15:52 1,231 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматыда алғаш рет митралды клапанды эндоваскулярлық клиптеу операциясы сәтті жасалды
aqshamnews.kz

Алматы қаласында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет MitraClip жүйесінің көмегімен митралды клапанды эндоваскулярлық клиптеу бойынша миниинвазивті рентген операциясы жасалды.

Операцияны Цюрихтен келген (Швейцария) профессор Маурицио Тарамассоның жетекшілігімен және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының (Астана) интервенциялық кардиологы, м.ғ.д. Марат Әріповпен бірлесіп жүргізілді.

72 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы 200/100 мм сын.бағ. дейінгі жоғары қан қысымынан, митралдық жеткіліксіздіктен және жүрекше фибрилляциясынан зардап шеккен. Сонымен қатар, екі жыл бұрын миокард инфарктісін өткерген. Оның жағдайы демікпенің өршуі, жүрек қағуының жиілеуі, құлақтың шуылдауы, жалпы әлсіздік және тез шаршау белгілерімен нашарлап, емдеуге жатқызылды. Консилиум өткізіліп, жүрек ырғағын реттеу және митралды клапанды клиптеу жолымен түзету үшін өкпе тамырларының радиожиілік абляциясын жасау ұсынылды.

Митралдық жеткіліксіздікті емдеудің негізгі әдісі – клапан пластикасы немесе толық ауыстыру операциясы. Алайда науқастың қосымша аурулары мен жағдайының ауырлығы хирургиялық операцияның қауіптілігін арттырды.

MitraClip – бұл митралды клапанды қалпына келтірудің аз инвазивті әдісі. Бұл инновациялық құрылғы митралды клапанды клиптеп, қанның кері ағуын (регургитация) азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ашық жүрек операциясын көтере алмайтын науқастар үшін жалғыз мүмкіндік болып табылады. Операция наркоз арқылы жасалып, интервенциялық хирургтер сан тамырлары арқылы катетер көмегімен рентген және ультрадыбыстық бақылауда митралды клапанға жетеді. Құрылғы клапанға бекітіліп, оны қысып, қан ағысын қалыпқа келтіреді.

«Біз жаңа технологияларды енгізіп, заманауи медициналық үрдістер мен стандарттарды ұстануға тырысамыз. Біздің дәрігерлер Брюссельде (Бельгия) орналасқан Abbott компаниясының тренингтік орталығында тағылымдамадан өтті. Институттың және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының интервенциялық кардиологтары мен УДЗ дәрігерлерінің жоғары кәсібилігін атап өткен жөн. Операцияның сәтті өтуі дәрігерлер командасының үйлесімді жұмысына байланысты», – деп атап өтті институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекованың айтуынша, бұл операция эхокардиографияның толық бақылауымен жасалады. Емхананың заманауи 3D эхокардиография аппараты арқылы клипті нақты орнату орны анықталып, интраоперациялық бақылау жүргізіледі.

«Бұл аз инвазивті процедура науқастың қалпына келу уақытын қысқартады, ал жағдайының жақсаруы наркоздан шыққаннан кейін бірден байқалады. Мұндай операциялардан кейін науқастар тез сауығып, бірнеше күннен кейін үйге шығарылады. Олар үшін өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарып, демікпе азаяды, физикалық белсенділік артып, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді», – деп түсіндірді рентгенэндоваскулярлық оперблок меңгерушісі Алексей Колесников.

Айта кетерлік жайт, MitraClip құрылғысы 2020 жылы үздік медициналық технология үшін Prix Galien USA сыйлығын (Нобель сыйлығына тең) жеңіп алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#MitraClip #Марат Әріпов #ғылыми-зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);