Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 7-9 пайыздық ипотека үшін қосымша 500 млрд теңге б...

7-9 пайыздық ипотека үшін қосымша 500 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 19.10.2025, 14:15 581
7-9 пайыздық ипотека үшін қосымша 500 млрд теңге бөлінді
aikyn.kz

Өтінімдерді қабылдаудың жаңа кезеңі биыл қарашада басталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Қазақстанда субсидияланған тұрғын үй бағдарламаларын қолдауды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатта "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламаларына қосымша 500 млрд теңге бөлінді.

"Крыша" порталының хабарлауынша, бағдарламалар бойынша өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі 2025 жылдың қарашасына жоспарланған, бірақ оған қатысу шарттары кейінірек хабарланады.

"Қазір оның механизмдері ойластырылып жатыр: Жаңа конкурсқа өтінімдер қабылдай бастаймыз немесе наурыз айында қатысқан, бірақ шарттарға сай келмегендерге несие береміз", - деді "Отбасы Банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Айта кету керек, бағдарламаға қатысатын құрылыс салушылар алдағы үш жылда салынып жатқан пәтерлерінің бағасын осы деңгейде ұстап тұру туралы келісімдерге қол қояды.

Естеріңізге сала кетейік, "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" бағдарламаларының шарттары төмендегідей:

7 пайыздық мөлшерлеме – халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы азаматтар үшін, басқа қазақстандықтар үшін мөлшерлеме – 9 пайыз;

Бастапқы жарна: әрленген пәтерлер үшін 10 пайыз, жөндеусіз сатып алынатын пәтерлер үшін 20 пайыз ;

Несие сомасы: Алматы мен Астана қалаларына 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерге 30 млн теңгеге дейін;

Алматы мен Астанада тек жаңа тұрғын үй сатып алуға болады, ал басқа аймақтарда – кез келген тұрғын үй, соның ішінде қайталама нарықтағы жеке үйлерді алуға болады;

Қарыз алушының соңғы 5 жылда жеке баспанасы болмауы керек;

Қатысушының "Отбасы банкінде" кемінде 2 млн теңге депозиті болуы керек.

Бұл ретте "Наурыз жұмыскер" ипотекасына өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары салаларының мамандары қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әскери қызметкерлерге арналған "Әскери баспана" ипотекалық бағдарламасы қайта ашылады. Толық ақпарат 20 қазанда жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ипотека #мөлшерлеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі