AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Баум тоғайы жаңартылады

Баум тоғайы жаңартылады

Барлығы 18.10.2025, 17:06 456 yakiya
Баум тоғайы жаңартылады
Алматы әкімдігі

Қала тұрғындарына арналған жаңа эко-парк пайда болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда мегаполистің ең көрнекті табиғинысандарының бірі — Баум тоғайы аумағын қайтажаңарту жұмыстары басталды. Жобаның бастымақсаты — бұл жерді экологиялық маңызы бар аймақ ретінде жаңғыртып, қала тұрғындарынаарналған заманауи эко-оазиске айналдыру.

Тұрғындар пікірі — жобаның негізі

Абаттандыру жұмыстары алдында қала билігімыңға жуық алматылықтың қатысуымен әлеуметтіксауалнама жүргізген. Тұрғындардың басым бөлігіБаум тоғайын мегаполистің басты табиғи нысаныретінде сақтап қалуды, экологиялық тепе-теңдіктібұзбай демалыс пен спортқа арналған жайлыкеңістік құруды қолдаған.

Эко-оазис концепциясы

Жоба Баум тоғайын тек табиғи ескерткіш ретіндеемес, рухани, эмоционалдық және физикалықсергітуге арналған жаңа кеңістік ретінде дамытуғабағытталған. Мұнда қала мен табиғат үйлесім табады.

Басты инженерлік шешім — балалар мен спорт алаңдары және техникалық жолдардан басқабарлық жерде асфальт-бетон жабындарынантолықтай бас тарту. Барлық жаяу жүргіншілержолдары мен соқпақтар экологиялық, су өткізгіш материалдардан — ұсақ тығыздалған қиыршықтастан жасалады. Бұл топырақтың табиғи тынысынсақтап, кез келген ауа райында серуендеуге ыңғайлы жағдай жасайды.

Тоғай үш аймаққа бөлінеді

​Сыртқы аймақ – белсенді демалысқа арналған. Мұнда воркаут және паркур алаңдары, памп-трек, жүгіру жолағы, үстел теннисі мен ит серуендетугеарналған алаңдар, сондай-ақ батыс бөлігі рельефінесай экстремалды веложол пайда болады.

​Орта аймақ – тыныш әрі танымдық демалысорны. Бұл жерде табиғатты бақылауға, құстар мен жануарларды зерттеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақэкотроптар, ақпараттық тақталар, экобұрыштар менбелсенді ұзақ өмір сүру орталығыныңқатысушыларына арналған демалыс беседкалары орнатылады.

​Орталық бөлік – табиғи ядро ретіндесақталады. Мұнда адамның араласуы барыншашектеліп, табиғи өсімдіктер мен бедер сақталады.

Қауіпсіздік пен экологиялық мәдениет

Барлық аймақ жаңа жарықтандыру жүйесіменқамтылады: белсенді демалыс орындарында 4,5 метрлік шамдар, ал экологиялық аймақтардаэкожүйеге зиян келтірмейтін жұмсақ жарықшамдар орнатылады.

Кіру нүктелерінде қалдықтарды бөлек жинауғаарналған контейнерлер қойылып, экологиялықмәдениетті дамытуға бағытталған нұсқаулықтарілінеді. Сондай-ақ заманауи орындықтар, экоурналар және бағыттаушы ақпараттық тақталар орнатылады.

Эдуард Баумға арналған арт-объектілер

Сүйінбай даңғылы жағындағы оңтүстік кіреберістеБаум тоғайының негізін қалаушы Эдуард Баумғаарналған инсталляция орнатылады. Ол белгілібұрыштан қарағанда ғалымның бейнесін құрайтынэлементтерден тұрады. Ал Сейфуллин көшесіжағында орналасатын «Жылдық шеңберлер» композициясы — табиғаттың дамуы мен уақыттыңүздіксіздігін бейнелейді.

Келешек жоспарлар

Жоба аясында визит-орталық салу жоспарланыпотыр. Онда келушілер тоғайдың тарихымен, флорасы мен фаунасымен, сондай-ақ Алматыныңтабиғатты қорғау бастамаларымен таныса алады.

Баум тоғайын қайта түлету жұмыстары Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен«Жасыл Алматы» бағдарламасы шеңберінде жүзегеасырылып жатыр. Барлық жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баум #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика