Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты өтті

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты өтті

Спорт 19.10.2025, 11:30 506
Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты өтті
Самат Құсайынов

17–19 қазан аралығында  Алматы облысында орналасқан «Almaty Horse & Polo Club» базасында атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Үш күнге созылған әртүрлі жас ерекшеліктеріне орай бірнеше санат бойынша ұйымдастырылды.

Чемпионат бағдарламасына Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) сынақтары енгізілді. Еліміздің ең үздік шабандоздары ат үстіндегі шеберлігін спортсүйер қауымға паш етіп, әсемдік пен тәртіптің үйлесімін көрсетті.
Ат спортының бұл түрі –  шабандоз бен ат арасындағы байланыс сыналатын ерекше спорт түрі. Мұнда атпен жүрген кездегі тепе-теңдік, қозғалыс дәлдігі және тізгінді меңгеру шеберлігі бағаланады. Сондықтан бұл спорт түрі көбіне «АТ үстіндегі балет» деп аталады.

 Қазақстан ат спорты федерациясының бас хатшысы Азат Толқымбековтың айтуынша, елімізде кейінгі жылдары ат спортына, соның ішінде мәнерлеп жүруге қызығушылық артып келеді. 
“Елімізде атпен мәнерлеп жүру спортының терең әрі бай тарихы бар. Мәселен, аты аңызға айналған Абсент тұлпары Сергей Филатовтың басқаруымен Олимпиада чемпионы атанған болатын. Бұл – біздің мақтанышымыз. Әлі де жететін жетістіктер көп”, - дейді ол. 

Ежелгі Грекияда әскери дайындық ретінде пайда болған спорт түрі бүгінгі таңда Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының ресми бағдарламасына енген. Жарыстарды ұйымдастыру және бағалау FEI – Халықаралық ат спорты федерациясының ережелері негізінде жүргізіледі.

Мен үшін ең қиыны – жылқыны басқару болды, – дейді алматылық шабандоз Венера Алтиева, – дегенмен, бұл сынақты абыроймен еңсере алдым. Бұл жарысқа ұзақ уақыт бойы тыңғылықты дайындалдық. Жаттығулар барысында өзара түсіністікке, үйлесімділікке көп көңіл бөлдік. Принц есімді фриз тұқымды тұлпарыммен ел чемпионатына алғаш рет қатыстым. Жарыстың барлық талабын дұрыс орындауға күш салдық”, - дейді Венера Алтиева.

Қазақстандағы ат спортының дамуы елдің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Осындай чемпионаттар – жас шабандоздарға тәжірибе алмасуға және спорттық жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін маңызды алаң.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ат #Шабандоз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі