Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2021 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі ар...

Алматыда 2021 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі артты

Әлеумет 20.12.2021, 10:56 1,427
Алматыда 2021 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі артты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

10 мың шаршы метрден астам жатақхана және 2 313 жеке тұрғын үй салынды.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол пандемияның қиын кезеңінде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі төмендеп қана қоймай, тіпті 8%-ға өскенін айтты.


Бұған бас сәулетші айтқан басқарманың мәліметтері дәлел бола алады. Ағымдағы жылдың 11 айында коммерциялық құрылыс есебінен 13 322 пәтер және бюджет есебінен 1 326 пәтер пайдалануға берілді.


Сондай-ақ, 10 мың шаршы метрден астам жатақхана және 2 313 жеке тұрғын үй салынды.


А. Ахмеджанов тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі екенін еске салды. Сондықтан Алматыда пандемия кезінде тұрғын үй құрылысының азайғаны дағдарысқа қарсы шаралардың уақтылығы мен өзектілігін көрсетеді.


Сондай-ақ, ол жаңа тұрғын үйлер негізінен қалаға қосылған аумақтарда салынатынын, бұл «Жаңа Алматының» дамуына ықпал ететінін хабарлады.


Бас архитектор атап өткендей, жаңа тұрғын үймен бірге қалада әлеуметтік инфрақұрылым құрылып, мектептер мен балабақшалар салынуда. Қазіргі уақытта мегаполисте 12,5 мыңнан астам оқушы орнына арналған сегіз мемлекеттік мектеп салынуда. Оның үшеуін (5 мыңнан астам орынға) жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.



«Оқу жылының басынан бері 2 656 орынды 13 жекеменшік мектеп ашылды. Жыл соңына дейін 8 263 орынды 17 жапсарлас құрылыс салу жоспарланған болатын. Олардың 11-іне балалар партаға отырды. Осылайша, жыл соңына дейін 16 мыңнан астам жаңа оқу орны ашылады», - деді А. Ахмеджанов.



Сонымен қатар, Алматыда үш мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды (360 орынды), 72 жеке балабақша ашылды (4,7 мың орынды).


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы – 2050» Стратегиясында белгіленген «шетсіз қала» қағидатын ұстана отырып, тұрғын үй шаршы метрлерін заманауи мектептермен, балабақшалармен және денсаулық сақтау объектілерімен бірге енгізу міндетін алға қойған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәулетші #басқарма #тұрғын үй #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бүгін 08:40

19 ақпанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:34

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Кеше 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Кеше 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі