ffin.kz

Алматы қаласының бас санитар дәрігері ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Алматы қаласының бас санитар дәрігері ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты Сурет: Egemen.kz
Спикердің айтуынша, 2024 жылдың эпидемиологиялық маусымы басталғалы Алматы қаласында ЖРВИ және тұмау аурулары бойынша жағдай тұрақты.
 
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Алпысбайұлы Касымхан бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн-брифингте сөз сөйледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
2024 жылдың 43 аптасына дейін қалада ЖРВИ-дің 12 413 жағдайы тіркелді, бұл өткен аптаға қарағанда 20,5%-ға және өткен жылмен салыстырғанда 40,1%-ға төмен. Аурудың 58,7%-ын балалар құрайды.
 
«Жаңа эпидемиологиялық маусымның 40-шы аптасынан 43-ші аптасына дейінгі аралықта ЖРВИ-дің 64 145 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39,6%-ға аз. Қалалық зертханалық мониторинг барысында тұмау вирусы анықталмағанымен, риновирус, парагрипп, аденовирус және маусымдық коронавирус сияқты басқа ЖРВИ вирустары тіркелді», - деді спикер.
 
Сондай-ақ, Алматы қаласында 2024-2025 жылдардағы эпидемиологиялық маусымға дайындық мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №7 қаулысына сәйкес келесі іс-шаралар қолға алынған:
 
• Алматы қаласы ДСБ-ның 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №330-Ө/02.1-26 бұйрығына сәйкес санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде;
• 2024 жылғы 27 қыркүйекте медицина қызметкерлері үшін қалалық семинар ұйымдастырылды, сондай-ақ 1 қазанда республикалық конференцияға қатысу мүмкіндігі берілді;
• Медициналық ұйымдарда ЖРВИ және тұмау жағдайларына жедел қызмет көрсету үшін 121 байланыс телефоны және 102 автокөлік бөлінген;
• ЖРВИ және тұмауға шалдыққан науқастарды жатқызу үшін 453 төсек дайындалып, қосымша 90 төсек орын әзірленді;
• Тұмауға қарсы препараттардың (тамифлю – 15 423 қаптама, реленза – 213 қаптама, оксолин жақпамайы – 4868 түтік) жеткілікті қоры қамтамасыз етілген, сондай-ақ маскалар мен дезинфекциялық құралдар бар.
 
2024 жылы жергілікті бюджет қаражатына «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін 200 000 доза мөлшерінде ресейлік «Гриппол плюс» үш валентті тұмауға қарсы вакцинасы сатып алынған. Қалада 19 қыркүйекте бұл санатқа вакцина егу басталған.
 
«2024 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласында тұмауға қарсы 201 946 адам егілді, бұл қаланың жалпы халқының 8,8%-ын құрайды, оның ішінде 200 000 «тәуекел тобындағы» (100%) адам. Олардың арасында 19 692 медицина қызметкері, 14 жасқа дейінгі 20 635 бала, 6074 жүкті әйел, 2145 жабық мекемелер контингенті (қарттар үйлері және балалар үйлері), 16 748 оқушы, және 132 350 созылмалы аурулары бар ересектер бар. Сондай-ақ, ақылы негізде жеке медициналық орталықтарда 1946 адам, оның ішінде жұмыс берушілердің қаражатына 813 адам және өз қаражатына 1133 адам егілді», - деп атап өтті спикер.
 
Сонымен қатар, спикер жеке медициналық орталықтарда ақылы негізде тұмауға қарсы екпе алғысы келетін адамдарға, оның ішінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен түрлі саладағы қызметкерлерге вакцинация жүргізілетінін айтты. 
 
«Қолда бар деректер бойынша қазіргі уақытта «Фармаком» ЖШС вакцинация клиникасында және «MC» МО-да 4 валентті «Гриппол плюс» вакцинасы бар. Айта кететін жәйт, вакцинация халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар асқынулар мен өлім-жітімді айтарлықтай азайтады. Тұмауға қарсы вакцина алдағы маусымда айналымы орын алуы мүмкін вирустардан қорғауға көмегі зор. Үш валентті вакциналар, әлемдегі ең көп таралған, үш тұмау вирусынан: екі А типті штамы және бір В штамынан қорғайды. Төрт валентті вакциналар, осы жылы ДДҰ ұсынған тұмаудың төрт түрінен қорғауға арналған – бұрынғы штамдарға тағы бір В типті вирус қосылады», - деп түсіндірді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.
 
Тұмау – температураның күрт жоғарылауымен, әлсіздікпен, қалтыраумен, бас ауруымен, денеде бұлшықет ауруымен сипатталатын ауру. Инфекция көзі – ауруға шалдыққан адам, әсіресе ауруға жаңа шалдыққан науқастан алғашқы 1-2 күнінде ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Тұмау әртүрлі асқынулармен бірге жүреді: пневмония, бронхит, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесінің асқынуы, созылмалы аурулардың өршуі. Сондықтан, алғашқы белгілер пайда болған кезде өзін-өзі емдемей, дәрігерге жүгініп, нұсқаулар бойынша емделуді бастау маңызды.
 
Ауруға шалдығу қаупі жоғары кезде қала тұрғындары ЖРВИ және тұмауға қарсы келесі профилактикалық шараларды ұстануы тиіс:
 
• ЖРВИ-ға шалдыққан науқастармен қарым-қатынасты шектеу, қажет болса маска тағу;
• Ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, дәрігерге жүгіну;
• Түшкіру және жөтелу кезінде ауызды майлықпен немесе орамалмен жабу, қолды жиі жуу, үй-жайларды желдетіп, ылғалды тазалау жүргізу;
• Иммундық жүйені нығайту үшін дәрігердің кеңесі бойынша С дәрумені мен басқа да витаминдерді қолдану;
• Адамдар көп жиналатын жерлерге барудан, бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту, маусымға сәйкес киіну;
• Сырқат балаларды мектептерге және мектепке дейінгі мекемелерге жібермеу.
 
Осы қарапайым шараларды сақтау сіздерді ЖРВИ және тұмау ауруларынан қорғауға көмектеседі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35