Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандық ірімшік өндірушілер Францияда жеңіске...

Қазақстандық ірімшік өндірушілер Францияда жеңіске жетті

Экономика 18.09.2025, 16:28 434
Қазақстандық ірімшік өндірушілер Францияда жеңіске жетті
Сурет: Gov.kz

«Бір ауыл – бір өнім» бастамасы табысты түрде жүзеге асып келе жатқанына он жылға жуық уақыт болды.

 Қазақстандық фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Францияның Тур қаласында өткен әлемдік сыр байқауы Le Mondial du Fromage-де беделді марапаттарға ие болып, жаһандық қоғамдастықтың назарын өздеріне аударды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Әлемдегі ең беделді сыр өндірушілер байқауларының бірінде қазақстандық қатысушылар 32 елден келген үміткерлермен бақ сынап, үш алтын, бір күміс және екі қола медальға қол жеткізді.

Алтын медальдардың бірін Көкшетаулық бес баланың анасы Эльвира Мұқашева иеленді. Эльвира үй жағдайында табиғи йогурт, айран және ірімшік өндіруден бастаған. Уақыт өте келе хобби кәсіби іске айналып, ол күніне 100 литрге дейін сүт өңдеді. Кейінірек мемлекеттік гранттарға ие болды — әуелі 1,4 млн теңге, одан кейін 5 млн теңге. Бұл қаражат тоңазытқыш жабдығын, сепаратор мен кәсіби ірімшік қайнататын қазан сатып алуға жұмсалды.

«Қазақстанды әлемдік деңгейде таныта алғаныма мақтанамын. Біздің еліміздің әлеуеті зор, әсіресе агросекторда», — деп бөлісті кәсіпкер.

Екінші алтын медальға Маңғыстаудан шыққан «Жеті лақ» фермасының негізін қалаушылар ие болды. Қобзевтер әулетінің фермасында пастерленген ешкі сүті, йогурт, айран, қаймақ, сүзбе және 12 түрлі ірімшік өндіріледі. Ай сайын мұнда 3,5 тоннаға дейін ешкі сүті өңделеді.

«Біз мемлекеттік гранттық бағдарламаларға және «Ауыл аманаты» сияқты бастамаларға белсенді қатысамыз. Мемлекеттік қолдаусыз ауылдағы агробизнесті дамыту өте қиын болар еді. Қазақстанның халықаралық сыр аренасындағы жеңісі – бәріміздің ортақ мақтанышымыз», — деді ферма өкілі Александр Григолов.

Үшінші алтын медальға Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының тұрғыны Руслан Соколов өзінің авторлық «Бура» ірімшігімен қол жеткізді.

«Le Mondial du Fromage» маған ерекше шабыт сыйлады. Байқауға қатысу және әлемнің түкпір-түкпірінен келген ірімшік өндірушілерімен тәжірибе алмасу – баға жетпес мүмкіндік. Алтын медаль – бұл тек қуаныш емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік», — деп атап өтті Соколов.

Қазақстандық ірімшікшілердің жетістігі ауыл шаруашылығын қолдау, ұлттық өнімдерді насихаттау, ауыл кәсіпкерлерін ынталандыру және аграрлық экономиканы дамыту бағытындағы кешенді мемлекеттік саясаттың тиімділігін айқын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстандық ірімшік #Франция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика