AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда туристік қызметтердің рекордтық өсімі тір...

Алматыда туристік қызметтердің рекордтық өсімі тіркелді

Барлығы 18.09.2025, 11:43 676
Алматыда туристік қызметтердің рекордтық өсімі тіркелді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша келген туристерді орналастыру саласында көрсетілген қызметтер көлемі 50,1 млрд теңге болды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6% артық. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.

Олардың дерегінше, мұндай өсім туризм саласының тұрақты дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді.

Алматының Туризм басқармасы хабарлағандай, қаладағы нөмірлік қоры өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен. Мегаполисте 377 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Бұл туристер мен іскерлік сапардағы қонақтар үшін де жайлы орналасуға мүмкіндік береді. 

«Бүгінде Алматы туристік орталық ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Қаладағы орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 22 768 төсек-орын, бұл қонақтарды көбірек қабылдауға жол ашады. Ішкі және шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Жаңа жобалар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, Алматыда демалысты қолжетімді әрі жайлы етеді», – деп атап өтті қалалық туризм басқармасы.

Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалық қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар. Бұл нысандар туристерді жайлы орналастыру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, Алматының халықаралық аренадағы тартымдылығын арттырады.

Бұған қоса, қала әкімдігі жанындағы жобалық кеңсе аясында 6 794 нөмірге арналған 58 қонақ үй құрылысы жобасы мен 35 туристік нысанның жобалау және құрылыс жұмыстары мониторинг жүргізілуде. Бұл көрсеткіштер саланың қарқынды дамуын әрі ұзақ мерзімді әлеуетін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Туристік қызмет #рекордтық өсім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);