AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдар...

Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға қосымша қабылдау басталды

Білім және ғылым 05.11.2024, 14:52 1,020 yakiya
Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға қосымша қабылдау басталды
Мемлекеттік басқару академиясы
Құжаттарды онлайн түрде admission.apa.kz жүйесі арқылы 1–30 қараша аралығында тапсыруға болады.
 
2024 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы модульдік оқыту принципі бойынша магистратура бағдарламаларына қосымша қабылдауды бастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Қабылдаудың басталғаны туралы Алматы қалалық филиалының директоры Айгерім Абилова Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
 
Академия 1994 жылы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі ретінде құрылды және биыл 30 жылдығын атап өтуде. Ол мемлекеттік қызметшілер мен басқа да мамандарды даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін арттыратын ерекше мәртебесі бар оқу орны болып табылады. Академияның басты мақсаты – мемлекеттік секторға жоғары кәсіби кадрларды дайындайтын білім беру және зерттеу мектебін құру.
 
Айгерім Абилованың айтуынша, Академияда магистратура бағдарламалары аясында модульдік оқыту 2020 жылдан бастап енгізіліп, танымал оқыту форматына айналды. 2022 жылдан бастап Академия осы форматтағы бағдарламалар бойынша қысқы қосымша оқытуды ұсына бастады. Модульдік оқыту негізгі жұмыс орнынан ажырамай, біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және мәслихат депутаттары үшін маңызды. Оқу жылы 6 модульден тұрады, олар офлайн және қашықтықтан өтеді.
 
Үміткерлерге ұсынылатын бір жылдық бағдарламалар:
 
• Executive MPA – Мемлекеттік басқару: басшылық қызметте кемінде 2 жыл еңбек өтілі қажет.
• Master of Regional Development – Өңірлік даму: жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы керек.
 
Қабылдау үшін мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілерге арналған), мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты және басқа да құжаттар қажет. Академия 11-26 қараша аралығында өтетін QRT-тестін тапсыруға арналған қазақ тілі бойынша дайындық курстарын ұсынады.
 
Спикер, сондай-ақ 2024 жылғы қабылдау ережелеріндегі негізгі өзгерістер туралы айтты:
 
1. Академия мемлекеттік қызметшілерге арналған модульдік бағдарламаларға қабылдауды қайта бастады.
2. Мемлекеттік органның жолдамасын ұсыну талабы енгізілді, бұл жұмыс және оқу кестелерін үйлестіруге мүмкіндік беретін үшжақты шарт арқылы жүзеге асырылады.
3. Модульдер саны 4-тен 6-ға дейін ұлғайтылды, бұл Академияда ұзақ уақыт болу қажеттілігін азайтады.
 
Қабылдау кезеңдері:
 
• Өтінімдер беру мерзімі: 1–30 қараша.
• Іріктеу кезеңдері: аналитикалық эссе жазу және сұхбат кезеңі 4–7 желтоқсан аралығында офлайн форматта өткізіледі.
• Оқу басталуы: 2025 жылдың 13 қаңтарында.
 
Оқуға түсу ережелері және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат Академияның ресми сайтында https://www.apa.kz/ орналастырылған. Қабылдау комиссиясы үміткерлерге көрсетілген телефондар және әлеуметтік желілер арқылы кеңес беруде.
 
Қажетті құжаттар тізімі:
 
1. Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілерге арналған).
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың скан көшірмесі.
3. Жоғары білім туралы құжаттың қосымшасымен бірге скан көшірмесі.
4. QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты (шетел азаматтарын қоспағанда).
5. Қызметтік тізім (мемлекеттік қызметшілерге арналған) немесе еңбек қызметін растайтын құжат.
6. Өтініш (ЭЦҚ қолымен).
Телеграм арнаға жазылыңыз
#мба #магистартура #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);