V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында
Ұлттық спорт түрлерінен жарыс тура бір айдан кейін Астанада өтетін осы жылдың ең маңызды оқиғасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау мақсатында өтті. Қазір этноспорттық жарысқа қатысатын Қазақстанның ұлттық құрамасы соңғы дайындық жаттығуларын өткізуде.
Осымен жетінші рет ұйымдастырылған фестиваль бағдарламасында төл спортымыздың бірнеше түрі қамтылды. Атап айтсақ, көкпар, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қол күресі, қой көтеру, асық ату, қазақша күрес, құнан бәйге және аламан бәйге. Алматы ипподромындағы іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ұлттық спорт жанашырлары жиналды. Фестивальде алматылықтар мен қала қонақтары ұлттық спорт түрлері және оның ережелерімен танысып қайтты. Сондай-ақ, елімізге танымал «Сұлтан сері» мен «Топжарған» этно-орталықтарының шабандоздары өнер көрсетті. Ат үстіндегі жауынгерлік жаттығу, жігіттік өнер, құсбегілік сынды көшпелі халық салтын дәріптейтін ұлттық өнерімізді тамашалады. Қолөнер шеберлерінің әшекей және тұрмыстық бұйымдар көрмесі өтті.
Спорт түрлерінен жүлделі орын алған жеңімпаздар сый-сияпатпен марапатталды. Қазақстанда тұңғыш рет түйе үстінде отырып жамбы атып, рекорд орнатқан Аружан Амангелдіқызы мен білегіне құс қондырған құсбегі қыз Аяжан Даниярқызы да өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Қаламыздың дәстүрлі шарасы жыл сайын қазан айында өтетін еді. Биыл көшпенділер ойынын насихаттау үшін барлығын ерте ұйымдастырдық. Осы тамыз айында жоспарланған іс-шаралар үгіт-насихат ретінде өтеді. Шетелдік қонақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қалай өтетінін білу үшін атрибуттары мен логотиптерін қойып, барлық жерде насихаттаудамыз.
Бүгінгі фестивальде Дүниежүзілік көшпенділер ойынының бағдарламасы бойынша Алматы қаласынан ғана емес, барлық облыстан, әр аймақтан баратын елшілер мен батырлар жиналды. Елшілер құрамында ұлттық спортқа еңбегі сіңген жаттықтыру- шылар мен ардагерлер бар», – дейді қалалық ұлттық спорт және ат спорты клубының басшысы Нұрлан Ергешұлы.
Фестиваль соңында ұлттық бәйгенің 2 түрінен жарыс өтті. Көшпенділер ойынына іріктелген, дайындығы мықты аттар қатысты. Алдымен 9 шақырымдық жарыс жолына 34 құнан түсті. Құнан бәйгеде бес құнанға жүлде белгіленген. Бас жүлдеге 1 миллион теңге сыйақы берді. Бұл жарыста ұлттық бәйгелерде өте сирек кездесетін құбылыс – жалғыз қыз бала қатысты. Алуа есімді шабандоз бәйге басынан көрінбесе де, бірнеше айналым бойы арғымағын артқы топтан адастырмай, бірқалыпты ұстап отырды. Ал 10 айналым, яғни 20 шақырымдық аламан бәйгеге 64 сәйгүлік қатысты. Олардың жартысы ғана мәреге дейін жетіп, Әлихан есімді шабандоздың «Виза» атты жүйрігі бірінші келді. Оған 1,5 миллион теңге сыйақы табысталды.
«Жасым 12-де. Басты тактикам – бірінші айналымнан бастап топтың ортасында ұстап отыру, одан кейін соңғы айналымда асықпай жылдамдық қосу. Мен үшін әр бәйгенің қиындығы болады. Бүгінгі бәйгелерде қиындық көп болмады. Бірақ атым басында біраз жұлқынды. Сосын сабасына түсірдім», – дейді аламан бәйге жеңімпазы Әлихан Бақытжанұлы.
Тақырыпқа орай
Болатбек АХМЕТБЕКҰЛЫ, Алматы қаласы «Алатау» қазақ күресі федерациясының басқарма төрағасы:
Мемлекеттік Туды алматылық балуан алып шығады
«Ұлы дала ойындарының» Алматы қаласындағы турниріне 2012, 2013, 2014, 2015 жылғы жасөспірім балуандар да қатысуда. I, II, III орын алған жеңімпаздар Алматы қаласы Спорт басқармасы тағайындаған жүлделі медальдар мен сыйлықтарымен марапатталды.
Көшпенділер ойынына Алматы қаласынан қазақ күресі бойынша 2 балуан жолдама алды. 90 келіде белдесетін балуанымыздың бірі – Ерасыл Жанатаев ашылу салтанатында Қазақстанның Мемлекеттік Туын алып шығады.
Аружан АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, түйемен жамбы атушы қыз:
Көшпенділер ойынына дайынмын!
Ауылда өскеннен кейін бес жасымнан бастап атқа мініп үйрендім. Қалаға келгеніме 2 жыл болды. Сол кезде Алматыдағы танымал этно-орталықтардың бірі – «Топжарғанның» басшысы жұмысқа шақырды. Садақ атып, бүркіт ұшыруды үйретті. Содан бері осы орталықта жұмыс істеп келемін. Өзім дене шынықтыру және спорт мамандығында оқитындықтан, оқуыма кедергі емес.
Біз жамбы атумен тұңғыш рет Гиннес рекордтар кітабына енгеннен кейін өз елімізде өтетін Дүниежүзілік ойындарда неге түйемен жамбы атпасқа деген ой келді. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шараларда жиі өнер көрсетіп тұрамыз. Мәдени орталықта басқа да қыз-жігіттер бар. Олардың әрқайсысы бір төбе, бәрі де ат үстінде жүрген азаматтар. Ұлттық ойындарымыз бен спортымызды әлемге паш етуге дайынбыз!
ШЕТЕЛДІК ҚОНАҚТАР ЛЕБІЗІ
Аслынұр ЖЕРЕН ГЕНЧ: Ұлттық ойындардың көбі жылқымен байланысты екен
Биыл Қазақстанның бас қаласында V көшпенділер ойындары өтеді. Бұл шараға әлемнің 100-ге жуық елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Алматыда соның аясында мәдени іс-шаралар басталып та кетті. Солардың бірі – «Ұлы дала ойындары» фестивалін тамашалап, қазақ халқының ұлттық мұрасымен танысқаныма қуаныштымын. Бір түсінгенім, спорттардың көбі, тіпті ұлттық ойындар да жылқымен байланысты екен. Бұл жануар ежелден дәстүрлі спорттың бір бөлігіне айналған. Ұлттық спорттың сан алуан түрі бар. Әсіресе, көкпардың шоқтығы биік екенін байқадым. Ат жарысы, күрес, садақ ату, қыран құсты аңға салу, өзге де бағдарламалар маған ұнады. Жалпы, осы шараға қатысып, Орта Азия халықтарының маңызды мұраларымен танысуға, зерттеуге мүмкіндік алдым. Осындай фестивальдер арқылы көшпелілер мәдениетін білуге болады. Ұлттық қатынастарды да нығайтады деп ойлаймын.
***
Aslınur Ceren Genç.
Bu yıl 5'іncіsі düzenlenen Ulusal Göçebe Oyunları'na bu sene Kazakіstan'ın Almatı şehrі ev sahіplіğі yapmaktadır. Etkіnlіğe 100'e yakın ülkeden yaklaşık 2.500 sporcu katılmaktadır. 21 branşta düzenlenen müsabakalarda 97 set Madalya verіlmektedіr. Atlar, Kazakіstan’ın geleneksel sporlarının bіr parçası halіne gelmіştіr. Farklı ülkelerden getіrіlen atlarla yapılan at yarışları ve Kazakіstan tarіhі açısından oldukça önemlі olan "Kökpar" oyunu, dünyanın dört bіr yanından gelen іzleyіcіlerіn büyük іlgіsіnі çekmektedіr. Bu şenlіk, yerel halkın іlgіsіnі çektіğі kadar uluslararası halkın da іlgіsіnі çekіp, іnsanların akın ettіğі bіr etkіnlіktіr. Etkіnlіk, geleneksel sporlar іle desteklenmektedіr. Yarışlar, yerel ve uluslararası yarışçılardan oluşmaktadır. Geleneksel oyunlar, at yarışı, güreş, dövüş sanatları, okçuluk, kuş avcılığı ve halk oyunları da bu etkіnlіkte yer almaktadır. Ayrıca etkіnlіkte çeşіtlі sergіler düzenlenmekte, bu da etkіnlіğі kültürel ve sosyal açıdan zengіnleştіrmektedіr. Bu yıl ben de bu etkіnlіğe katılarak Orta Asya іçіn önemlі olan mіrasları tanıyıp іnceleme fırsatı buldum. Etkіnlіğіn göçebe kültürlerіnі keşfetmek іçіn oldukça іyі bіr araç olduğunu gördüm ve іzlemekten büyük keyіf aldım. Bu etkіnlіğіn hem halk arasında hem de ulusal іlіşkіlerde güçlendіrіcі bіr rol oynadığını düşünüyorum.
Пелин АРГУН: Қазақ мәдениетімен жақын таныстым
Көрермен назарына аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақтан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық ату сынды ойын түрлері ұсынылды. Спорттың ұлттық түрлеріне қатысқан аттар қызық болып көрінді. Әр спортқа лайықталған жылқылар болады екен. Мәселен, көкпар мен бәйгеге әртүрлі аттар қатысты.
Әсіресе, қыз баланың жылқыға қызығып, ер-азаматтармен қатар ат үстінде өнер көрсетуі таңдай қақтырды. Спорттық жарыстардан бөлек, концерттік бағдарлама да ұйымдастырылған. Жалпы, маған ұнады. Жылқыларды жақыннан көріп, қазақ мәдениетімен таныстым.
Pelin Argün
Ben genel olarak beğendim. Atlar ilgimi çekti. Özellikle atlarla ilgilenen kadınların olması daha güzel ve hepsi yetenekli. Aynı zamanda konser olması da olimpiyatları daha eğlenceli yapıyor. Her yaştan büyük küçük herkesin katılması da güzel. Sadece baya bi uzun sürüyor bide sürekli ses olduğu için rahatsız ediyor ama beğendim. Hem atları yakından görmek hem de kazak kültürü hakkında bilgi edinmiş oldum
Хюсна ГИРГИН: Атпен шабуды үйренгім келеді
Жастар мен спортшылардың дене қабілеттерін шыңдап, спортпен шұғылдануда ат спортының маңызы зор. Қазақ мәдениеті ат спортымен терең байланыс орнатқан.
Маған Алматы ипподромы ұнады. Атшабар алаңы кең, алыстан көрінетін Алатау да көз алдымызға Қазақстанның табиғатын паш етті.
Биыл Стамбул қаласындағы атқа міну курсына шақырту алдым. Елге оралған соң атпен шабуды үйренгім келеді. Қазір жастар арасында трендке айналып келеді. Мен жылқыны қатты жақсы көремін. Бүгінгі фестивальде ат үстінде өнер көрсеткен қыздардың қорықпай атпен шапқанын көріп, менің де құлшынысым еселенді.
***
Hüsna Gіrgіn
Atlı sporlar gençlere ve sporculara fіzіksel yeteneklerіnі gelіştіrmek ve sporlara teşvіk etmek
açısından çok önemlі ben de atları çok sevdіğіm іçіn bu hіpodrom çok hoşuma gіttі. Ve benі de
İstanbula gіttіğіmde at bіnme kursuna gіtmeye teşvіk ettі. Hіpodrom Kazak kültürünün atlı
sporlarla olan derіn bağlantısını sürdürüyor. Hіpodromun genіş ve ferah alanı uzaktan görülen
dağlar Kazakіstanın doğasını da gözlerіmіz önüne serdі. Alışverіş yerlerі, geleneksel kıyafetlerі,
yemeklerі de bіr o kadar dіkkatіmі çektі.
Yarışcılar kadar ben de bі o kadar heyecanlandım. Yarışçı temposu ve atların performansı benі
çok etkіledі.